Вторник, 02 Июня 2026

Қасым-Жомарт Тоқаев: «Үкімет бастапқы кезеңде қаланың негізгі инфрақұрылымын дамыту мақсатында тұрақты түрде қаржы бөліп отыруы керек»

Қасым-Жомарт Тоқаев: «Үкімет бастапқы кезеңде қаланың негізгі инфрақұрылымын дамыту мақсатында тұрақты түрде қаржы бөліп отыруы керек»

«Жалпы, мұндай инвестициялық тәсіл – әбден орынды және ойға қонымды. Мемлекет инфрақұрылымға инвестиция салса, жеке капитал да келе бастайды. Соның арқасында салық түсімі артады, жаңа инфрақұрылым пайда болады. Осылайша, қолға алынған жұмыстың ауқымы кеңейе береді.
 
Ал негізгі инфрақұрылымға бастапқы инвестиция салу міндеті тек жеке секторға ғана жүктелсе, жобалардың инвестициялық тартымдылығы әлсірейді. Мұндай жағдай тарифі жоғары монополия құрылымдарының пайда болуына әкеп соқтырады және ақыр соңында дамуды тежейді.
 
Сондықтан Үкімет бастапқы кезеңде қаланың негізгі инфрақұрылымын дамыту мақсатында тұрақты түрде қаржы бөліп отыруы керек. Басқа жол жоқ.
 
Қажет болса, орнықты кіріс қоры қалыптасқанша Алатауға қосымша лимиттерді және мемлекеттің кепілдігімен қарыз алу құқығын беруге болады.
 
Дегенмен бюджет қаржысы тек инвестициялық мақсатқа сай жұмсалуға тиіс. Қаланың ұзақмерзімді даму бағдары басты назарда болуы керек».

t.me/aqorda_resmi

Другие новости

Глава государства посетил тепличный комплекс GREEN ЕСО

Глава государства посетил тепличный комплекс GREEN ЕСО

Президент Касым-Жомарт Токаев ознакомился с деятел...

  02.06.2026   78
Мемлекет басшысы GREEN ЕСО жылыжай кешенімен танысты

Мемлекет басшысы GREEN ЕСО жылыжай кешенімен танысты

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев таза әрі пайдалы жап...

  02.06.2026   97
Президент:  «На сегодняшний день ведется работа по приведению действующего законодательства в соответствие с требованиями Конституции.

Президент: «На сегодняшний день ведется работа по приведению действующего законодательства в соответствие с требованиями Конституции.

В предстоящее время пройдут выборы в Курултай, буд...

  02.06.2026   98
Президент:  «Бүгінде қолданыстағы заңнамаларды Конституция талаптарына сай өзгерту жұмысы жүргізіліп жатыр.

Президент: «Бүгінде қолданыстағы заңнамаларды Конституция талаптарына сай өзгерту жұмысы жүргізіліп жатыр.

Алдағы уақытта Құрылтай сайлауы өтеді, Халық кеңес...

  02.06.2026   97
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2026. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.