Четверг, 12 Февраля 2026

Әлеуметтік әмиян: 703 мыңнан астам оқушы тегін ыстық тамақпен қамтылды

Әлеуметтік әмиян: 703 мыңнан астам оқушы тегін ыстық тамақпен қамтылды

Үкімет отырысында цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиев 2024 жылы мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы ағымдағы нәтижелер туралы хабарлады. Биыл олардың саны 44 млн-нан асты. Министрдің айтуынша, маңызды жетістіктердің бірі – цифрлық құжаттарды енгізу.
«Азаматтар еліміз бойынша ұшақтарда, пойыздарда цифрлық құжаттар базасы негізінде жеке басын куәландыратын құжаттарынсыз алаңсыз жүре алады. Биыл 200 млн-нан астам қызмет көрсетілді», — деді Мәдиев. Тағы бір мысал – онлайн нотариус. Азаматтар Қазақстаннан тыс жерде болса да онлайн қызмет ала алады. Мұндай қызметтер 175 мыңнан астам рет көрсетілген.
Жаслан Мәдиев азаматтарға автоматты түрде, олардың өтінішінсіз ұсынылатын проактивті қызметтерді енгізудің маңызын атап өтті. Министр сонымен қатар атаулы әлеуметтік көмектің құралына айналған әлеуметтік әмиянды енгізу туралы айтты.
«Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша біз екі негізгі қызметтен бастадық: оқушыларға тегін ыстық тамақ беру және тегін дәрі-дәрмек ұсыну», — деді Мәдиев.
Бүгінгі таңда 703 мыңнан астам оқушы тегін ыстық тамақпен қамтамасыз етілді, 2 мыңнан астам мектеп қамтылды. Барлық мемлекеттік дәріханалар жүйеге толығымен қосылған және қазірдің өзінде 1,5 млн-нан астам рецепт берілген.

Другие новости

Занятость населения – основа социальной стабильности

Занятость населения – основа социальной стабильности

В Райымбекском районе прошла Ярмарка вакансий, нап...

  10.02.2026   175
Ключи от счастья

Ключи от счастья

Торжественная церемония вручения ключей от квартир...

  06.02.2026   315
Возможности для трудоустройства молодежи Алматинской области за рубежом расширяются

Возможности для трудоустройства молодежи Алматинской области за рубежом расширяются

В городе Қонаев состоялась встреча, посвящённая во...

  06.02.2026   309
Қонаев қаласында жастарға арналған тағылымды әрі пайдалы кездесу өтеді!

Қонаев қаласында жастарға арналған тағылымды әрі пайдалы кездесу өтеді!

Кездесу тақырыбы:«Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс...

  29.01.2026   680
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2026. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.