Воскресенье, 15 Марта 2026

«AMANAT» ПАРТИЯСЫ: БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН МЕРЕКЕЛІК ІС-ШАРА ӨТТІ

«AMANAT» ПАРТИЯСЫ: БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН МЕРЕКЕЛІК ІС-ШАРА ӨТТІ

Іле ауданында ерекше жылылық пен мейірімге толы игі шара өтті. Іле ауданы «AMANAT» партиясы Іле аудандық филиалының ұйымдастыруымен «Бақытты отбасы» партиялық жобасы аясында Халықаралық балаларды қорғау күніне орай  «Алатау Жарық Компаниясы» АҚ басқарма төрағасы, «AMANAT» партиясы Алматы облысы мәслихатының депутаты Абай Асыловтың, бастамасымен әлеуметтік осал және көпбалалы отбасылардан шыққан балаларға арналған мерекелік іс-шара ұйымдастырылды.

Іс-шара барысында балаларға тәтті тағамдар ұсынылып, көңілді аниматорлар оларға ерекше көңіл күй сыйлады. 80-ге жуық балаға мерекелік сыйлықтар тарту етіліп, шынайы шаттыққа бөленді.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл қайырымдылық іс-шарасы жыл сайын дәстүрлі түрде өтіп келеді. «Алатау Жарық Компаниясы» осындай іс-шараларды тұрақты түрде ұйымдастырып келеді. Бұл игі бастаманың басты мақсаты – балаларға қуаныш сыйлап, олардың жүрегіне үміт отын жағу.

«Бүгінгі ұрпақ – ертеңгі ел тірегі. Сіздерге қуаныш, мейірім мен махаббат тілеймін. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев та: «Балаларға ерекше назар аударуымыз керек. Себебі олардың амандығы – мемлекетіміздің жарқын болашағының сенімді кепілі» деп атап өткен болатын. Бүгінде балаларымыздың алаңсыз өмір сүруі, сапалы білім алуы мен жарқын болашағы үшін мемлекет тарапынан, жергілікті билік пен партия тарапынан барлық жағдай жасалып келеді. Өздеріңізбен жиі кездесіп, жағдайларыңызды біліп отыру – мен үшін үлкен мәртебе. Алдағы уақытта да оқуда озат, өмірде озық болыңыздар!»
– Жақсылық жасау – жүректен. Ал балалардың күлкісі мен шаттығы – қоғамның нағыз бақыты. Сондықтан мұндай шараларды тоқтатпай, кең көлемде жалғастыра береміз, – деді Абай Асылов.

-Аудандық  балаларды бүгінгі халықаралық балаларды қорғау күнімен шын жүректен құттықтаймын! Балаларға бақытты балалық шақ тілеймін! Тағдырдың сынағымен арбаға таңылып, ауырып қалған баларымыз жазылып, аяққа тұрып кетсін! Балалар – біздің байлығымыз! Олардың алаңсыз балалық шағы үшін, ем алып, дамуы үшін еңбек етіп, тер төгіп жүрген ата-аналарға алғысымыз шексіз, - деді  Алматы облыстық филиалының төрағасы, Қуат Байғоджаев.
Өз кезегінде сөз алған аталған ата-аналар балаларды қуантып, мерекелік көңіл күй сыйлаған «AMANAT» партиясы Іле аудандық филиалына, депутаттарға аналық алғыстарын жаудырды.
Бұл іс-шара – тек балаларға ғана емес, бүкіл қоғамға үлгі боларлық ізгі қадам. Қайырымдылық пен мейірім – ұлт болашағын тәрбиелеудегі ең маңызды құндылықтардың бірі.

Другие новости

Главное – вовремя распознать

Главное – вовремя распознать

По итогам прошлого года число суицидов в регионе с...

  11.03.2026   189
Ключи надежды

Ключи надежды

В канун весеннего праздника - Международного женск...

  10.03.2026   282
В поисках работы

В поисках работы

Более 50 безработных граждан приняли участие в ярм...

  04.03.2026   543
Главное – вовремя распознать

Главное – вовремя распознать

По итогам прошлого года в регионе сократилось числ...

  28.02.2026   705
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2026. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.