Суббота, 07 Февраля 2026

Алматы облысының бас полицейі тұрғындарды қабылдады

Алматы облысының бас полицейі тұрғындарды қабылдады

Алматы облыстық Полиция департаментінің бастығы Бауыржан Әленов «AMANAT» пар­тия­сы Алматы облыстық фи­лиа­лы­ның қоғамдық қа­был­дау бөлмесінде азамат­тар­мен кездесті. 
Қоғамдық қабылдауға Поли­ция департаментіне қарасты бір­қатар салалық бөлімдер қатысты. Олардың ішінде тергеу, кри­ми­налдық полиция және әкім­шілік полиция басқармаларының басшылары бар. 
Өңірдің бас полицейі аза­мат­тың арыз-өтінішін бетпе-бет жүздесе отырып тыңдаса, тікелей эфир арқылы онлайн режимде қойылған сұрақтарға да нақты жауап беріп, ұсыныс-пікірлерді назарға алды.
Мәселен, Қонаев қаласының тұрғыны Лилия Андреева алаяқтық фактісі бойынша жүгінді. Оның айтуынша, мүмкіндігі шектеулі немересін жүріп жүрген жігіті алдап, тақырға отырғызып кеткен. Қыздың атынан үлкен сомада несие алып, артынша із-түссіз жоқ болып кеткен. 
Мұнан бөлек өзге де ша­­­­ғым­дарға түсіндірмелер, ке­ңес­­тер беріліп, айтылған күрделі мә­се­лелер бас полицейдің бақы­лауы­на алынды.
Атап кету керек, партия филиалы келіп түскен арыз-өтініштер оң­тайлы шешілгенге дейін полиция департаментімен бірлесіп, тиісті шараларды қабылдап отырады.

"AMANAT" партиясының баспаcөз қызметы.

Другие новости

Нет – азартным играм

Нет – азартным играм

Азартные игры в Казахстане все чаще называют серье...

  05.02.2026   166
«Подросток и преступность»

«Подросток и преступность»

Сегодня в Жамбылском районе в рамках принципа «Зак...

  05.02.2026   160
Все начинается с уважения

Все начинается с уважения

В Балхашском районе  активно работают над укр...

  02.02.2026   216
На первом плане - правовая грамотность

На первом плане - правовая грамотность

В районном Доме культуры села Баканас Балхашского...

  29.01.2026   210
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2026. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.