Среда, 27 Ноября 2024

Азаматтардың еңбек құқықтарының сақталуы

Азаматтардың еңбек құқықтарының сақталуы

Азаматтардың еңбек құқықтарының сақталуы - елдің әлеуметтік-экономикалық тұрақтылығы мен азаматтық қоғамның дамуының негізгі көрсеткіштерінің бірі. Бұл құқықтардың қорғалуы адамның лайықты өмір сүруіне, еңбек ету еркіндігіне және әлеуметтік әділдіктің орнауына кепілдік береді.
Еңбек құқықтары әрбір адамның еңбек етуге, әділ жалақы алуға, қауіпсіз жұмыс жағдайларына және демалысқа деген заңды мүмкіндігін білдіреді. Қазақстан Республикасының Конституциясы мен «Еңбек кодексі» азаматтардың еңбек құқықтарын қорғауға бағытталған заңнамалық негіз болып табылады.
Еңбек құқықтарының негізгі қағидаттары:
Еңбек ету еркіндігі - әр азамат мамандықты, жұмыс орнын және еңбек жағдайларын өз еркімен таңдауға құқылы. Ешкімді жұмыс істеуге мәжбүрлеуге болмайды.
Тең құқықтар мен мүмкіндіктер - жұмысқа орналасу кезінде ешкім ұлтына, жынысына, жасына немесе басқа әлеуметтік ерекшеліктеріне байланысты кемсітушілікке ұшырамауы керек.
Қауіпсіз еңбек жағдайлары - жұмыс беруші қызметкерлерге қауіпсіз және қолайлы еңбек жағдайларын қамтамасыз етуге міндетті. Бұл – олардың денсаулығы мен өмірін қорғаудың маңызды бөлігі.
Еңбекке әділ ақы төлеу - әрбір жұмысшы өзінің еңбегіне лайықты жалақы алуға құқылы. Ең төменгі жалақы мөлшері заңмен бекітілген.
Демалыс және әлеуметтік кепілдіктер - әрбір қызметкер демалысқа, еңбекке жарамсыздық төлемдеріне және зейнетақымен қамтамасыз етуге құқылы.
Өкінішке орай, қазіргі еңбек нарығында азаматтардың құқықтары да жиі бұзылады. Мысалы:
Жалақыны кешіктіру немесе төлемеу.
Еңбек келісімшартынсыз жұмысқа алу.
Қауіпсіздік талаптарының сақталмауы.
Кемсітушілік және жұмыс орнындағы қудалау.
Мұндай жағдайлар азаматтардың құқықтары мен қадір-қасиетіне нұқсан келтіреді және жұмысшының заңды қорғауын әлсіретеді. Оның алдын алу үшін  еңбек құқықтарын қорғау керек.  Бұл төмендегі тәсілдермен жүзеге асырылады:
1. Еңбек келісімшартын жасасу. Бұл жұмысшы мен жұмыс берушінің міндеттерін нақтылайтын басты құжат.
2. Мемлекеттік органдарға жүгіну. Құқық бұзылған жағдайда Еңбек инспекциясына, сотқа немесе прокуратураға шағымдануға болады.
3. Кәсіподақтардың көмегі. Кәсіподақтар жұмыс-шылардың мүдделерін қорғауға және жұмыс берушімен дауларды шешуге көмектеседі.
4. Заңды білімді арттыру. Өз құқықтарын жақсы білетін азаматтар жұмыс берушімен келіссөздерде сенімді болады және өздерін заңды жолмен қорғай алады.
Бүгінгі таңда қаланың шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны 7412 құрайды, онда жұмыспен қамтылғандардың жалпы саны 16 148 адам. Азаматтардың еңбек құқықтарының сақталуы – тек мемлекеттік органдардың ғана емес, әрбір азаматтың ортақ жауапкершілігі. Әрбір адам өз құқықтарын қорғауды білсе және белсенді ұстанымда болса, еңбек нарығындағы әділдік пен теңдік қамтамасыз етіледі. Қоғам ретінде еңбек құқықтарын сақтауға бірлесіп күш салсақ, еліміздің экономикасы мен әлеуметтік әл-ауқаты нығая түседі.

Қонаев қаласының прокуратурасы.

Другие новости

Азаматтардың еңбек құқықтарының сақталуы

Азаматтардың еңбек құқықтарының сақталуы

Азаматтардың еңбек құқықтарының сақталуы - елдің ә...

  27.11.2024   54
Быть на «ты» с законом

Быть на «ты» с законом

Мой знакомый из правоохранительных органов говорил...

  25.11.2024   195
НОВЫЙ ЭПИЗОД МОШЕННИЧЕСТВА ВСКРЫЛСЯ В ДЕЛЕ ЕНБЕКШИКАЗАХСКОГО АФЕРИСТА

НОВЫЙ ЭПИЗОД МОШЕННИЧЕСТВА ВСКРЫЛСЯ В ДЕЛЕ ЕНБЕКШИКАЗАХСКОГО АФЕРИСТА

Полицейские Енбекшиказахского района выявили новый...

  22.11.2024   303
ТРОИХ БАРЫМТАЧЕЙ ЗАДЕРЖАЛИ ПОЛИЦЕЙСКИЕ В АЛМАТИНСКОЙ ОБЛАСТИ ЗА СУТКИ

ТРОИХ БАРЫМТАЧЕЙ ЗАДЕРЖАЛИ ПОЛИЦЕЙСКИЕ В АЛМАТИНСКОЙ ОБЛАСТИ ЗА СУТКИ

Иллюстративное фото.Резонансное дело о краже 12-ти...

  20.11.2024   274
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2024. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.