Суббота, 31 Октября 2026

Донорлар – басқаларға өмір сыйлайтын адамдар

Донорлар – басқаларға өмір сыйлайтын адамдар

14 маусым жыл сайын Дүниежүзілік қан доноры күні ретінде атап өтіледі – бұл күн ерікті түрде қан тапсырып, сол арқылы басқалардың өмірін сақтап қалатындарға арналған. Қан донорлары шынымен де игілікті борышты атқарады: олар күн сайын шұғыл медициналық көмекке, күрделі оталар жүргізуге және онкологиялық және гематологиялық ауруларды емдеуге мұқтаж пациенттердің өмірін сақтап қалады.
Дүниежүзілік қан доноры күні – қан тапсыру секілді игілікті іс жасайтындардың барлығына алғыс айтудың тамаша мүмкіндігі. Донорлық қанның мұқтаж жандардың барлығына қолжетімді болуын және қоғамда донорлық мәдениет дамуының жалғастырылуын қамтамасыз етуге ұмтылу қажет.
Бүгінгі таңда көптеген қазақстандықтар донорлықты өмірді сақтап қалуға жеке үлес қосу мүмкіндігі ретінде қарастырады. 2025 жылдың соңына қарай елде 255 255 қан және оның компоненттерін тапсыру жүргізіліп, бұл азаматтар арасындағы әлеуметтік жауапкершіліктің жоғары деңгейін және қан қызметінің тұрақты дамуын көрсетеді.
Қан мен оның компоненттерін үнемі тапсыратын тұрақты донорлар донорлық қозғалыстың дамуында ерекше рөл атқарады. 40 донорлыққа жеткен  жандарға «Денсаулық сақтау саласына қосылған үлесі үшін» төсбелгісі және Денсаулық сақтау министрлігі мен жергілікті билік органдарының алғыс хаттары табыс етіледі. Қан тапсыру саны аз белсенді донорлар да қан орталықтарының алғыс хаттарымен марапатталады.

Другие новости

ЗДОРОВЬЕ КОЖИ - ЗАБОТА О СЕБЕ: О ЧЁМ ВАЖНО ЗНАТЬ КАЖДОМУ?

ЗДОРОВЬЕ КОЖИ - ЗАБОТА О СЕБЕ: О ЧЁМ ВАЖНО ЗНАТЬ КАЖДОМУ?

Псориаз, экзема и атопический дерматит: причины во...

  30.10.2026   138
В Алматинской многопрофильной клинической больнице начали проводить лазерные операции на глазах

В Алматинской многопрофильной клинической больнице начали проводить лазерные операции на глазах

Жители Алматинской области теперь могут получить л...

  30.10.2026   184
РОЗОВЫЙ ОКТЯБРЬ: СВОЕВРЕМЕННАЯ ДИАГНОСТИКА МОЖЕТ СПАСТИ ЖИЗНЬ

РОЗОВЫЙ ОКТЯБРЬ: СВОЕВРЕМЕННАЯ ДИАГНОСТИКА МОЖЕТ СПАСТИ ЖИЗНЬ

Врач - онколог - маммолог городской многопрофильно...

  30.10.2026   168
Когда счет идет на минуты

Когда счет идет на минуты

У врача-хирурга центральной больницы Балхашского р...

  29.10.2026   194
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2026. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.