Среда, 05 Ноября 2025

Сайлауда өмірге келген сәбилер!

Сайлауда өмірге келген сәбилер!

Қонаев қалалық көпсалалы ауруханасының перзентханасынан ақжолтай жаңалық жетті! Дәл бүгінгі саяси науқанмен қатар келген қуанышты жайт азанмен өз таңдауын жасаған аналардың шаттығын айшықтай түсті. Таңертең ғана сайлау учаскесінде қалаған кандидатқа дауыс беріп үлгерген келіншектер  аздаған сәттерден соң-ақ сәбилі болды. Қазіргі уақытта пейілді күнде перзенхтана балаларының саны артып, Баймұхаммед, Сафия, Амина есімді үш балапан өмір есігін ашты! Біз Амина бүлдіршіннің анасын құттықтап, әңгімеге тарттық.  Қонаевтық Жансая Дүйсенбек өз сөзінде:
- Ерекше күні өмір есігін ашқан балапаным халықтың қалаулысы болсын деп тілеймін. Қуанышым шексіз. Ақ халатты абзал жандарға, перзентхана ұжымына айтар алғысым көп.  Бүгін, елімізде өтіп жатқан сайлау ойдағыдай өтіп, Қонаев қаласының болашағы жарқын болсын",-деген ақ тілегімен бөлісті нәрестесін дүниеге алып келген ана! 
Ниетті күні дүниеге келген балапанның салмағы 3308 грамм, ал бойы 53 см. Дәрігерлердің айтуынша бөпелердің денсаулығында еш кінәрат жоқ, барлығы биік бедерде болған. Қуанышы қойнына сыймаған Қонаевтық аналарды құттықтап, сайлау күні өмірге сәтті келген балапандардың өмір жасы ұзақ болсын дедік. Айта кетерлігі аталмыш перзентханада күн аяғына дейін өмірге келуі күтілген сәбилер де бар. Осындай шаттықты жаңалық шартарапты шарласын.

Другие новости

«Бақытты отбасы» жобасы аясында Талғарда спорттық байқау өтті

«Бақытты отбасы» жобасы аясында Талғарда спорттық байқау өтті

«AMANAT» партиясының «Бақытты отбасы» партиялық жо...

  29.10.2025   318
Сильные женщины – сильный регион

Сильные женщины – сильный регион

В Алматинской области женское крыло областного фил...

  17.10.2025   1086
Доброта, что дарит надежду

Доброта, что дарит надежду

В честь Дня инвалидов по инициативе Кегенского рай...

  13.10.2025   1281
Разговор по душам

Разговор по душам

В последнее время большое беспокойство вызывает ро...

  03.10.2025   1711
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.