Понедельник, 10 Августа 2026

Қонаевта мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған шырша өтті

Қонаевта мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған шырша өтті

Өткен демалыс күні «Қамқор жүрек» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен мүмкіндігі шектеулі 40 балаға арналған шырша өтті.
Шыршаға шақырылған балалардың қуанышында шек болмады. Шарада түрлі қойылымдар қойылып, ән айтылды, күй де шертілді. Балақайларға сый-сияпаттар табыс етілді.
«Балалардың жүзінен шаттық кетпегені қандай жақсы. Біздің бірлестік осы тектес шараларды көптеп ұйымдастырады. Бүгін ата-аналар ризашылығын білдіріп, ақ жарма тілегін арнады. Балақайларға мерекелік атмосфераны сәл де болсын сезіндіре алсақ, ол біздің жеңісіміз», – деді бірлестік басшысы Ләззат Салықова.
Жалпы Алматы облысында Жаңа жыл мерекесі ауқымды тойлануда. Күні кеше өңір басшысы Марат Сұлтанғазиевтің қатысуымен Президенттік шырша өтсе, бүгін «Самға» оңалту орталығының 30-дан астам ерекше күтімді қажет ететін балаларға арналған шыршасы өтіп жатыр. Ал ертең қала әкімі Нұрлан Құматаевтың шыршасы ұйымдастырылады. Оған 150 бала қатысады деп жоспарланған. 
Сондай-ақ Қонаев қалалық әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің ұйымдастыруымен шаһар жұртшылығына көңіл-күй сыйлау үшін автошеру өтті.
Бұл көліктер жергілікті кәсіпкер Мұрат Сіргебаевқа тиесілі. Ретрокөліктер қаланы аралап, мереке келе жатқанын білдіргендей, сезім тарту етті. 
Әкімдік мамандары мен жаны жайсаң жандар мүмкіндігі шектеулі балалардың үйіне барып, айтулы мерекемен құттықтады.
«Жаңа жыл – балалар үшін ғажайып мереке. Осы салада қызмет етіп жүрген соң, балапандарды құттықтап шығуға бел будық, кішігірім сыйлықтар тарту еттік. Сәбилердің ауырмауын, аман болуларын тілейміз», – деді аталған бөлімнің басшысы Ернұр Абдалиев.

Қонаев қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Другие новости

Алматы облысында Халықаралық жастар күніне орай 20 мың қатысушыны қамтитын 30-дан астам шара өтеді

Алматы облысында Халықаралық жастар күніне орай 20 мың қатысушыны қамтитын 30-дан астам шара өтеді

Халықаралық жастар күніне орай Алматы облысында жа...

  10.08.2026   89
Азаматтардың басым көпшілігі «Заң мен Тәртіп» қағидаты мен «Таза Қазақстан» идеясын қолдайды – сауалнама

Азаматтардың басым көпшілігі «Заң мен Тәртіп» қағидаты мен «Таза Қазақстан» идеясын қолдайды – сауалнама

Қазақстандық қоғамдық даму институты жүргізген қоғ...

  29.07.2026   798
Большинство граждан поддерживают принцип «Закон и Порядок» и идею «Таза Қазақстан» – соцопрос

Большинство граждан поддерживают принцип «Закон и Порядок» и идею «Таза Қазақстан» – соцопрос

По данным социологического исследования, проведенн...

  29.07.2026   780
Бизнес с большим сердцем

Бизнес с большим сердцем

В Каракемерском сельском округе Енбекшиказахского...

  18.07.2026   1891
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2026. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.