Суббота, 14 Февраля 2026

Қоқыс мәселелерін шешу

Қоқыс мәселелерін шешу
Алматы облысы бойынша экология департаменті басшысының орынбасары Б. Молдахметов төрағалығымен ағымдағы жылдың 22-ші тамызында, жергілікті тұрғындар мен С. Арықпаевтың арызы бойынша Іле ауданына қарасты Асқар Тоқпанов, Боралдай, Өтеген батыр ауылдары аумағында орналасқан жер учаскелерін құрылыс және өндіріс қалдықтарымен толтыру фактілері және жер учаскелерінің нысаналы мақсатсыз пайдаланылуына байланысты, өзен бойындағы қоқыстарды жою бойынша кабылданған іс-шаралар, атқарылған жұмыстар жөнінде құзырлы мемлекеттік органдардың қатысуымен, бірлесіп кездесу-жиналысы өтті. Аудандық әкімшілік ғимаратында өткен жиналысқа Іле ауданы әкімінің орынбасары Н. Мамбетжановтың басшылығымен Боралдай кентінің әкімі, Асқар Тоқпанов а/о әкімі, Байкент а/о әкімі, Қараой а/о әкімі, Ақсай а/о әкімі, Күрті а/о, Ащыбұлақ және Өтеген батыр а/о әкімі қатысты.
Сонымен қатар, аталған жиынға Алматы облысы бойынша жер ресурстарын басқару департаменті, Балхаш-Алакөл бассейндік инспекциясы және санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы, тұрғын үй коммуналдық-шаруашылық және тұрғын үй инспекциясы бөлімі
мамандары қатысып, атқарылған жұмыстар бойынша есеп берді.
Ауқымды өткен жиналыста ауылдық округ әкімдері есептерін беріп, сонымен қатар мәселені шешу жолдарымен бөлісті.
Сондай-ақ, Іле аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің басшысы, азаматтық қорғау полковнигі және аудандық ішкі істер бақылау бөлімінің маманы қатысты.
Ашық талқылау барысында сұрақ-жауап сессиясы орын алды.
Жоғарыда айтылғандардың негізінде департамент осы құқық бұзушылықты жою және жолын кесу мақсатында ҚР қолданыстағы заңнамасына сәйкес өз құзыреті шегінде барлық қажетті шараларды қабылдап жатқанын хабарлаймыз.
Сонымен қатар, Департамент өз құзыреті шегінде кінәлі жеке және заңды тұлғаларға қатысты Іле ауданының арнайы белгіленген орындарынан тыс жерде өндіріс және тұтыну қалдықтары мен құрылыс қалдықтарын орналастыру жөніндегі талаптарды бұзу фактісі бойынша тиісті шаралар қабылдау туралы тапсырмалар бергенін хабарлаймыз.
Айта кету керек, осы бағытта тиісті жұмыстардың жүргізілуін бақылау Департаменттің тұрақты және қатаң бақылауында.

Другие новости

Славен людьми  и добрыми традициями

Славен людьми и добрыми традициями

Мы продолжаем публиковать репортажи о сельских окр...

  13.02.2026   104
Счастливая семья – успешная страна

Счастливая семья – успешная страна

Сохранение национальных традиций и семейных ценнос...

  25.01.2026   1189
Сохраняя главное

Сохраняя главное

Советы старейшин и матерей, созданные при Ассамбле...

  27.12.2025   3062
Тихая сила материнства

Тихая сила материнства

Мы продолжаем рассказывать о тех, на чьем бескорыс...

  02.12.2025   5025
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2026. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.