Вторник, 04 Августа 2026

2023 жылдың 28 мамырында Қонаев қаласында «ULTTYQ KIIM - ULT AINASY» атты республикалық ұлттық киімдер байқауы өтті

2023 жылдың 28 мамырында Қонаев қаласында «ULTTYQ KIIM - ULT AINASY» атты республикалық ұлттық киімдер байқауы өтті

Бұл шара Қазақстанда алғаш рет ұйымдастырылып отыр. Жарыстың өтуіне Алматы облыстық Қоғамдық даму орталығы мұрындық болды.

"Біздің мақсат - қазақтың ұлттық киімдерінің дәріптелуіне үлес қосу. Тек мерекелерде ғана емес, күнделікті қолданысқа әдемі нақыштағы киім үлгілерін енгізуді барлығымыз мақсат етуіміз қажет. Әсіресе, мемлекеттік қызметшілер классикалық үлгідегі киімдерді киеді. Сол костюм, белдемшелерге кішігірім өзгеріс енгізіп, ою-өрнектерді неге қолданбасқа? Бүгінгі шарада біздің сол идеямыз насихатталды", - деді орталық басшысы Ерасыл Толымбекұлы.

Еліміздің түкпір-түкпірінен жиналған 20-ға жуық қатысушы 2 кезең бойынша бақ сынасты. Олардың ішінде Қызылорда, Ақтөбе, Жетісу, Шығыс Қазақстан облыстарының, Астана, Алматы қалаларының тумалары бар. 

Бірінші кезең - кеңсе киімдері. Мұнда дизайнерлер көрерменге мемлекеттік қызметшілерге және кеңседе қызмет ететін кез келген жанға ыңғайлы, қазақы оюмен әрленген киім үлгілерін ұсынды. Екінші кезеңде күнделікті киюге, салтанатты кештерге киіп шығуға арналған шапандар, көйлектер, оверсайз стиліндегі спорттық киімдер, тақиялар таныстырылды. Көздің жауын алатын киім-кешектерді тігу кезінде дизайнерлер барқыт, шыт, джинсы, жібек секілді маталарды пайдаланған. 

Сән көрсетілімінде әділ қазылардың көңілінен шығып, көрермен көзайымы атанған алматылық дизайнер Венера Нұрымбетова жеңіске жетіп, 400 мың теңге ақшалай сертификатпен марапатталды. Ал 2-орынды Астаналық Қайыпбаева Гүлнұр, 3-орынды Қонаев қаласының тұрғыны Жазира Бақытбекқызы иеленді.

Другие новости

Звезды, косплей и тысячи фанатов: чем удивит Comic Con Astana в этом году

Звезды, косплей и тысячи фанатов: чем удивит Comic Con Astana в этом году

Крупнейший фестиваль гик-культуры Comic Con Astana...

  03.08.2026   99
Благословение в традициях

Благословение в традициях

В Енбекшиказахском районе, где проживают представи...

  31.07.2026   232
Свыше 60% обращений казахстанцев в общественные советы получили положительное решение

Свыше 60% обращений казахстанцев в общественные советы получили положительное решение

Институт общественных советов продолжает укреплять...

  31.07.2026   188
Гордость земли Балхашской

Гордость земли Балхашской

В этом году исполняется 90 лет со дня рождения наш...

  28.07.2026   297
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2026. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.