Суббота, 14 Февраля 2026

Құрметті Астана қаласының тұрғындары мен қонақтары!

Құрметті Астана қаласының тұрғындары мен қонақтары!

 Жалпы Мәдениет күндерінің бағдарламасы жалы

Сіздерді 14-16 сәуір аралығында Алматы облысы әкімдігінің ұйымдастыруымен өтетін  «Алатау - өнер бесігі» атты Мәдениет күндерінің қадірлі қонағы болуға шақырамыз.

Мәдениет күндері аясында 14-сәуір 19.00-де Астана қаласының «Жастар» театрында «Ақши» халық театрының «Абай» қойылымы;

15-сәуір  19.00-де «Хантәңірі» халық театрының «Бозтөбеде бір қыз бар» атты спектакльдің қойылымы өтеді.

16-сәуір 10.00-де Жамбыл ескерткішіне гүл шоқтарын қою рәсімі,

сағат 11.00-де Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық кітапханасында Бердібек Соқпақбаевтың 100 жылдығына орай

«Ұлт әдебиетінің классигі – Бердібек» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырылады.

16.00-де Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінде

«Алатау тарихы - Елорда төрінде» атты көрменің ашылу салтанаты, 

ал сағат 19.00-де Еркеғали Рахмадиев атындағы мемлекеттік академиялық филармониясында «Алатау - өнер бесігі» атты облыс өнерпаздарының

Гала-концерті өтеді.

Құрметті Елордалықтар,

Алатау жұртының ән шашуын қабыл алыңыздар!

 

Театрда өтетін спектакльдер жайлы

Қымбатты Астана қаласының тұрғындары мен қонақтары!

Біз сіздерді Алматы облысының Астана қаласындағы «Алатау - өнер бесігі» атты Мәдениет күндері аясында Астана қаласының «Жастар» театрында өтетін спектакльдерге шақырамыз.

14 сәуір сағат 19.00-де  «Ақши» халық театрының «Абай» спектаклі. Режиссері: ҚР мәдениет саласының үздігі Жасұлан Түсіпбеков.

15 сәуір сағат 19.00-де  «Хантәңірі» халық театрының

«Бозтөбеде бір қыз бар» атты спектаклі.

Режиссері: Асхат Мадиев

Құрметті Астаналықтар, театрда кездескенше!

 

Көрме

Құрметті Астана қаласының тұрғындары мен қонақтары.

Сіздерді Алматы облысының Астана қаласындағы мәдениет күндері аясында Қазақстан Республикасының Ұлттық музейінде өтетін «Алатау тарихы — Елорда төрінде» атты көрменің ашылу салтанатына шақырамыз!

Тамғалы археологиялық кешеніндегі тарихын тасқа қашаған бабаларымыздың бай асыл мұрасын, сонымен қатар, Жамбыл Жабаев, Дінмұхамед Қонаев, Бердібек Соқпақбаев, Мұқағали Мақатаев сынды Алатаудың  алып тұлғаларының жеке заттарын көрермен назарына ұсынамыз!

Қолөнер шеберлерінің өнеріне тамсанып, Алматы облысының көркем табиғаты  бейнеленген туындыларға көзайым болыңыздар!

16 сәуір, сағат 16.00-де

Қазақстан Республикасының Ұлттық музейінде жүздескенше!

 

Гала-концерт

Алатау алты алаштың айбары екен,

Халқы да күн нұрындай жайдары екен.

Топырағына қасиет қонған жердің,

Суы да адамзатқа пайдалы екен.

 

Ән мен жырдың кені бар баурайында,

Кім білмейді тарихты тау жайында.

Бабасынан мирас боп қалған өнер,

Бүгінгі ұрпағының таңдайында...

Құрметті Астаналықтар мен Елорда қонақтары!

Сіздерді 16-шы сәуір сағат 19.00-де Еркеғали Рахмадиев атындағы

мемлекеттік академиялық филармониясында

 Алтын адам тұрағы болған,

Сүйінбай, Жамбыл ұраны болған,

Хантәңірі тұмары болған

Алматы облысы өнерпаздарының

«Алатау - өнер бесігі» атты Гала-концертіне  шақырамыз.

Өнерлі өлкенің өнерін бірге тамашалайық!

 

 

Другие новости

Любимые поэты народа

Любимые поэты народа

В Жамбылском районном Доме культуры села Узынагаш...

  11.02.2026   278
Возрождая традиции

Возрождая традиции

В Уйгурском районе есть предприятие, где бережное...

  09.02.2026   341
Любимые народные поэты

Любимые народные поэты

Литературный вечер «Екі ғасыр - бір рух», посвящен...

  04.02.2026   639
В селе Тогызбулак открыли новую библиотеку в честь 130-летия Капеса Байгабыла

В селе Тогызбулак открыли новую библиотеку в честь 130-летия Капеса Байгабыла

В селе Тогызбулак Кегенского района прошла церемон...

  04.02.2026   500
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2026. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.