Вторник, 30 Июня 2026

Қазақстандық кино әлемдік экрандарды бағындыруда

Қазақстандық кино әлемдік экрандарды бағындыруда

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі ұлттық киноны дамыту және халықаралық деңгейде ілгерілету жұмыстарын жалғастыруда.

Отандық туындылар 300-ден астам халықаралық кинофестивальге қатысып, 177 жүлде иеленді. 2020-2025 жылдар аралығында Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығы түрлі жанрдағы 119 киножобаны жүзеге асырды.

Соңғы екі жылда үш питчинг (киножобаны қаржыландыруға ниетті инвесторларды тарту мақсатында өткізілетін визуалды таныстырылым) өткізіліп, оның нәтижесінде 57 жобаның 40-ы жас кинематографистердің қатысуымен жүзеге асырылуда.

2024 жылы конкурсқа іріктеу ережелері қайта қаралып, процесс ашық әрі тиімді болды. Басым тақырыптар белгіленіп, сценарий әзірлеу мерзімі қысқарды. Құжаттарды электронды түрде қабылдау енгізіліп, Сарапшылар кеңесінің дауыс беру механизмі жетілдірілді. Бұл өзгерістер қазақ тіліндегі сценарийлер үлесін 75%-ға жеткізіп, режиссерлердің қатысуын арттырды.

«Qaitadan» фильмі мемлекеттік қолдау алып, отандық прокатта 1 миллиард теңгеден астам касса жинап, маңызды жетістікке жетті. Фильм мемлекеттік инвестицияларды бес есе қайтарып, мемлекеттік қолдау механизмдерінің тиімділігін дәлелдеді.

2025 жылы жаңадан талантты актерлерді (әсіресе өңірлерден) іздеу және қолдау мақсатында «JARQYRA» республикалық кастингі басталды. Бұл жоба арқылы жас әртістер өздерін танытып, ұлттық кинематографияға қосылу мүмкіндігіне ие болды.

«Қазақ киносының онкүндігі» акциясы аясында отандық фильмдердің көрсетілімі Қарағанды, Жамбыл, Солтүстік Қазақстан, Батыс Қазақстан және Жетісу облыстарында өткізілді.

Отандық фильмдер көрерменге қолжетімді бола түсті. Қазір олар тек кинотеатрларда ғана емес, онлайн платформаларда да көрсетіледі. «Кинопоиск» платформасымен бірлесіп, 17 қазақстандық фильмнен тұратын арнайы жинақ дайындалды. Оған «Патриоттар уақыты», «Каникулы off-line 2», «Дос-Мұқасан», «Қажымұқан» және басқа да туындылар кіреді. Бұл шара қазақстандық кинематографияның танымалдылығын арттыруға жаңа мүмкіндіктер ашуда.

Қазақстандық кино өнері халықаралық деңгейде тұрақты орын ала бастады. Соңғы 30 жыл ішінде алғаш рет еліміз Канн кинофестивалі аясындағы ірі Marché du Film кинонарығына қатысып, KazakhCinema ұлттық стенді арқылы отандық жобаларды дамытуға маңызды мүмкіндік туғызды.

Канн қаласында Франция мен Грузияның ұлттық киноорталықтарымен меморандумдарға қол қойылды. Ал, Ақтауда Әзербайжан, Қырғызстан, Түркия, Түрікменстан және Өзбекстанның кино ұйымдарымен ынтымақтастық туралы келісімдер жасалды.

Халықаралық жобалар қатарында Локарно мен Пусан фестивальдерінде ұсынылған «Сказка о морских псах» атты деректі фильм және «Победителей видно на старте» атты бірлескен фильм бар.

Қазақстандық кино өнері жаңа белестерді бағындыра отырып, отандық және шетелдік көрерменге сенімді түрде жол табуда.

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі.

Другие новости

Домбра, жыр и цифровые технологии: в Астане пройдет масштабный концерт «Асыл мұра»

Домбра, жыр и цифровые технологии: в Астане пройдет масштабный концерт «Асыл мұра»

В Астане в рамках Национального дня домбры 5 июля...

  29.06.2026   171
Домбыра, жыр және цифрлық технологиялар: Астанада «Асыл мұра» ауқымды концерті өтеді

Домбыра, жыр және цифрлық технологиялар: Астанада «Асыл мұра» ауқымды концерті өтеді

5 шілде күні Ұлттық домбыра күні аясында Астанадағ...

  29.06.2026   163
Молодежь формирует цифровое будущее

Молодежь формирует цифровое будущее

Талгарский район вновь стал площадкой для междунар...

  29.06.2026   210
Мир взаимопонимания и согласия

Мир взаимопонимания и согласия

Яркие концертные номера, национальные угощения и т...

  24.06.2026   273
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2026. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.