Суббота, 05 Сентября 2026

Қазақстан азаматтарының 95%-дан астамы этносаралық қатынастарды тұрақты деп санайды

Қазақстан азаматтарының 95%-дан астамы этносаралық қатынастарды тұрақты деп санайды

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі қоғамдық келісім, азаматтық бірлік және этносаралық қатынастарды дамыту бағытындағы жұмыстарды жүйелі түрде жалғастырып келеді.

Бүгінде елімізде жүзден астам этностың өкілдері бейбітшілік пен келісім жағдайында өмір сүруде. Оларды тең мүмкіндіктерге негізделген және тұрақты дамуға бағытталған Әділетті Қазақстанды құру жөніндегі ортақ мақсат біріктіреді.

Этносаралық келісімді нығайтуға бағытталған мемлекеттік саясатты іске асырудың тиімді институционалдық жүйесі қалыптасты. Бұл жүйе орталық мемлекеттік органдардан бастап өңірлік Қазақстан халқы ассамблеяларына дейін барлық деңгейде жұмыс істейді.

Этносаралық қатынастардың даму деңгейін зерделеу және практикалық ұсынымдар әзірлеу мақсатында өңірлерде тұрақты түрде әлеуметтік зерттеулер мен мониторингтік сапарлар жүргізілуде.

2025 жылы қоғам тарапынан этносаралық саясатқа деген сенім деңгейі жоғары екенін көрсететін дерек тіркелді. Азаматтардың 95 пайыздан астамы елдегі этносаралық ахуалды тұрақты әрі қолайлы деп бағалауда.

2022 жылғы сәуірден бастап кәсіби этномедиаторларды даярлау және медиация институтын дамыту мақсатында Этномедиация орталығы жұмыс істейді.
Этносаралық салада түсіндіру жұмыстарын күшейту үшін республикалық ақпараттық-түсіндіру тобы құрылды. Қазіргі уақытта елімізде 80 ақпараттық-түсіндіру тобы белсенді қызмет атқаруда.

Қазақстан халқы Ассамблеясының бастамасымен 1000-нан астам этномәдени бірлестік пен 4000-ға жуық қоғамдық құрылым біріктірілген. Олардың қызметіне 50 мыңнан астам азамат тартылған. Қоғамдық өмірге халықты кеңінен жұмылдыруда «Ақсақалдар кеңесі» мен «Аналар кеңесі» маңызды рөл атқарып келеді. Отбасылық құндылықтарды нығайту және жастарды рухани-адамгершілік тұрғыдан тәрбиелеуге бағытталған «Мәдениетті ана – мәдениетті ұлт», «Адал азамат» және «Салауатты сана» жобалары табысты жүзеге асырылуда.

2025 жылы алғаш рет Алматы, Жамбыл, Түркістан және Жетісу облыстарында аудандық деңгейдегі ассамблеялар құрылды.
«Ассамблея жастары» жастар қанаты 10 мыңнан астам жас өкілін біріктіріп, мәдениеттер арасындағы диалогты дамытуға бағытталған бастамаларды іске асыруда. Жастар ұйымының «Жаңа толқын», «Школа лидеров АНК» және «50 жас көшбасшы» сияқты жобалары табысты жүзеге асып келеді. Сонымен қатар, еліміздің жоғары оқу орындарында түрлі этнос өкілдерімен жұмыс жүргізетін Студенттік ассамблея жұмыс істейді.

Ол этносаралық келісім мен азаматтық бірегейлікті нығайтуға, сондай-ақ волонтерлік қозғалыс пен этномедиация бағытын дамытуға өз үлесін қосуда.

Толығырақ

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі.

Другие новости

Выставка Батимы Есмуратовны Заурбековой   «Нити наследия», посвящённой 80-летию художницы

Выставка Батимы Есмуратовны Заурбековой «Нити наследия», посвящённой 80-летию художницы

25 сентября 2026 года в 16-00 в Национальном музее...

  04.09.2026   135
Диалоги о стране, обществе и будущем

Диалоги о стране, обществе и будущем

Как формируется справедливое общество, почему отве...

  04.09.2026   162
Традиции, которые продолжают служить человеку

Традиции, которые продолжают служить человеку

3 сентября - День казахских тазы и тобетаВ Казахст...

  03.09.2026   228
Табигат из  Каскелена покоряет мир

Табигат из Каскелена покоряет мир

3 сентября - День казахского тазы и тобетаВ городе...

  03.09.2026   189
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2026. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.