Четверг, 09 Апреля 2026

Хабарландыру: Таразда халықаралық қолөнершілер фестивалі өтеді

Хабарландыру: Таразда халықаралық қолөнершілер фестивалі өтеді

2026 жылдың 23-24 сәуірінде Тараз қаласындағы «Көне Тараз» тарихи-этномәдени кешенінде «Тараз – қолөнершілер қаласы» халықаралық қолөнершілер фестивалі ұйымдастырылады.
Ұлттық фестивальді өткізудегі негізгі мақсат – өңірдің туристік имиджін көтеру, отандық қолөнершілерді халықаралық деңгейде танымал ету, шетелдік және жергілікті қолөнершілер арасында достық қарым-қатынас пен ынтымақтастық орнату, тәжірибе алмасу, сондай-ақ, кенже қалып бара жатқан ежелгі қолөнер түрлерін сақтау және қайта жаңғырту.
Фестивальға шетелден (Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан), көрші өңірлерден (Алматы, Түркістан) келетін және жергілікті 100-ден астам шебер қатысады.
Фестиваль аясында көрермендерге ерекше көңіл күй сыйлау мақсатында «Тараз – қолөнершілер қаласы. Дәстүр мен заманауи қолөнер» тақырыбында ғылыми-практикалық конференция, қолөнер бұйымдарының көрмесі мен шеберлік сағаттары, «Менің әлемім: қиял мен шынайылық» атты жас қолөнершілер мен суретшілердің  көрмесі өтеді.
Бұдан бөлек, сән мен дәстүрді тоғыстыратын «ASPARA FASHION WEEK» халықаралық сән апталығы, «Гиннес» рекордтар кітабына енген киіздің жанында «Dombyra Party» іс-шарасы, ұлттық нақыштағы киімдердің сән көрсетілімі және өнер жұлдыздарының гала-концерті ұйымдастырылады. 
Фестивальге қатысушы қонақтарға көрме бұйымдарын сатып алуға және Тараз қаласындағы тарихи-мәдени орындарға экскурсия жасауына толық мүмкіндік қарастырылған.
Бұл күндері Тараз ұлттық дәстүр мен шалқыма шабыттың тоғысқан ортақ мекеніне айналмақ.

Другие новости

Хабарландыру: Таразда халықаралық қолөнершілер фестивалі өтеді

Хабарландыру: Таразда халықаралық қолөнершілер фестивалі өтеді

2026 жылдың 23-24 сәуірінде Тараз қаласындағы «Көн...

  09.04.2026   73
Возрожденный очаг культуры

Возрожденный очаг культуры

Есть в селе Береке Елтайского сельского округа Кар...

  09.04.2026   160
Человек искусства

Человек искусства

Нечасто бывает так, что зал начинает слушать артис...

  08.04.2026   222
Литературный вечер на родине Жамбыла

Литературный вечер на родине Жамбыла

В Каргалинской СШ №4 состоялся литературно-музыкал...

  08.04.2026   233
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2026. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.