Среда, 07 Октября 2026

Алматы облысында « Хан Тәңірі қазынасы» атты фестиваль өтеді

Алматы облысында « Хан Тәңірі қазынасы» атты  фестиваль өтеді

Аспанмен астасқан айбынды Хан Тәңірі, жырға айналған Қарасаз, батырлық пен руханияттың алтын бесігі — Райымбек ауданы биыл өзінің 90 жылдық мерейтойын кең көлемде атап өтуде.   Аталған өлкеде « Хан Тәңірі қазынасы» атты   фестиваль өтуі жоспарланған. Бұл жайында Өңірлік коммуникациялар алаңында өткен баспасөз мәслихатында белгілі болды. 
Мерейтойлық жыл басталғалы бері аудан көлемінде тағылымы мол, мазмұны терең ауқымды іс-шаралар ұйымдастырылып келеді.  Атап айтқанда, «Спорт – саулық кепілі», «Қазақ поэзиясының Хантәңірі» атты жыр мүшәйрасы өткен.  Аудан мерейтойы тек той-думанмен шектелмей, нақты игі бастамалармен жалғасуда. Көктемнің алғашқы күндерінен бастау алған «90 жылдыққа – 9000 ағаш» экологиялық акциясы соның айқын дәлелі.
Алматы облысы мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Әнуар Үмбеталиев  шілде айындағы мерекелік шаралар ерекше мазмұнға ие болатнын тілге тиек етті. 
« Ауданның 90 жылдығына орай ауқымды шаралар легін өткізу жоспарланған. Атап айтсақ, шілде айында « Хан Тәңірі қазынасы» атты   фестиваль өтеді. Басты мақсат-өңірге туристерді тарту, аймақ айшығын паш ету»,-деді өз сөзінде Әнуар Үмбеталиев.
Нақтылап айтсақ, 9 шілде күні аудандық кітапхана мен «Хантәңірі» газетінің 90 жылдығына арналған «Руханият салтанат құрған 90 жыл» атты салтанатты кеш ұйымдастырылады. Тоғыз онжылдық бойы аудан тарихын хаттап, елдің рухани өміріне өлшеусіз үлес қосып келе жатқан сала мамандарының еңбегі ұлықталады.   Сондай-ақ, «Құлмамбеттің құлынын құндақтаған өлке» атты жас ақындар айтысы аймақты дүбірге бөлемек. 
Мерейтойлық шаралардың шарықтау шегі 10-11 шілде күндері Нарынқол мен Шәлкөде жайлауында өтетін «Хан Тәңірі қазынасы» фестивалі болмақ. 
«10 шілде күні ғылыми-танымдық конференция ұйымдастырылып, кешкісін еліміздің өнер жұлдыздары қатысатын гала-концерт өтеді. Ал 11 шілде күні Шәлкөде жайлауында ұлттық рухты дәріптейтін бәйге, аударыспақ, түйе палуан сынды ұлттық спорт ойындары ұйымдастырылады. Бұл — ата дәстүр мен ұлттық мәдениетті ұлықтайтын ұлы мереке»,-дейді Райымбек ауданының әкімі Дастан Құдабаев.
Райымбек ауданының 90 жылдығы — өткенге тағзым, бүгінге баға және болашаққа нық қадам. Хан Тәңірінің етегіндегі қасиетті өлке өзінің бай тарихын, терең руханиятын және жасампаз болмысын тағы бір мәрте айшықтап отыр. Берекесі мен бірлігі жарасқан аудан халқы үшін бұл мерейтой елдіктің еңсесін тіктеп, туған жерге деген сүйіспеншілікті арттыра түсетін ерекше кезең болмақ.

Другие новости

Алматы облысында Жамбыл Жабаевтың 180 жылдық мерейтойы дүркіреп өтуде

Алматы облысында Жамбыл Жабаевтың 180 жылдық мерейтойы дүркіреп өтуде

Алматы облысында Жыр алыбы Жамбыл Жабаевтың 180 жы...

  03.10.2026   282
Махмұд Қашқари мұрасы Ыстықкөлде ұлықталды: «Диуани лұғат ат-түрк» көрмесі тұрақты экспозицияға айналды

Махмұд Қашқари мұрасы Ыстықкөлде ұлықталды: «Диуани лұғат ат-түрк» көрмесі тұрақты экспозицияға айналды

2026 жылғы 30 қыркүйекте Қырғыз Республикасының Ыс...

  03.10.2026   221
Жамбыл вновь собрал мастеров меткого слова

Жамбыл вновь собрал мастеров меткого слова

Живое слово, мгновенная реакция и поэтическая импр...

  03.10.2026   255
Главный подарок внуку

Главный подарок внуку

Книга, которую когда-то читала бабушка, может мног...

  02.10.2026   162
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2026. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.