Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмаларын жүзеге асыру аясында еліміздің өңірлерінде ауыл шаруашылығы шикізатын қайта өңдеуді тереңдету, көлік және коммуналдық инфрақұрылымды жаңғырту, азаматтарды қолжетімді баспанамен қамтамасыз ету бойынша жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Өткен аптада келесідей өндірістер, көлік және әлеуметтік инфрақұрылым нысандары іске қосылды:Қызылордада халықтың әлеуметтік осал санаттарының ішінде кезекте тұрғандарға 90 пәтердің кілті табысталды. 4 жыл ішінде өңірде 30 мыңнан астам кезекте тұрғандар тұрғын үймен қамтамасыз етілді, 2026-2027 жылдары 25 мың адамға...