Суббота, 31 Октября 2026

Мызғымас бірлік – алынбас қамал

Мызғымас бірлік – алынбас қамал

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Қазақстан халқы Ассамблеясының «Бірлік. Жасампаздық. Өрлеу» атты ХХХІІІ сессиясының отырысы өтті.
Еліміздің бірқатар өңірінде су тасқыны салдарынан қалыптасқан күрделі жағдайға байланысты биылғы сессия онлайн форматта ұйымдастырылды
.
Президент өз сөзінде біздің елдегі бірлік пен қоғамдық келісімнің бастауы – Қазақстан халқының ортақ тарихы екендігін, ғасырлар бойы тағдыр талайына ұшыраған халықтарды құшағына сыйдыра білген қасиетті Ұлы Дала көптеген ұлыс пен ұлттың құтты қонысына айналғандығын атап өтті.
Мемлекет басшысының сөзінше, соңғы жылдары Ассамблеяның қызметі айтарлықтай өзгеріп, қоғамдағы аса маңызды институтқа және этномәдени бірлестіктердің бас штабына айналған. Мемлекеттің тұтастығын сақтаудағы негізгі тұтқалардың бірі – этносаралық татулық, өзара келісім, ынтымақ пен бірлік ішкі саясаттағы басты бағыт.
Ауданымыздағы 5 этномәдени бірлестік этносаралық татулық пен тұрақтылыққа өз үлесін қосып келеді. Көпэтносты Қазақстан үшін тұрақтылықты, этносаралық келісімді қамтамасыз ету – мемлекеттік саясаттың маңызды басымдықтарының бірі, әлеуметтік-экономикалық және саяси реформаларды жүргізудің негізгі міндеті екені бүгінгі Ассамблея отырысында тағы бір мәрте айтылды.
«Халқымыз өте ауыр сынаққа тап болды. Қазақстан аумағының жартысын тасқын су басып қалды. Еліміздің мызғымас бірлігі осы қиын күндерде айқын көрінді», - деді Мемлекет басшысы. Еліміздің тұрақтылығы мызғымас бірліктің алынбас қамал екені анық.

Бағдат РАХИМОВ,
«AMANAT» партиясы Еңбекшіқазақ
аудандық
филиалының төрағасы

Другие новости

Новый павильон для местных производителей

Новый павильон для местных производителей

В городе Қонаев начал работу новый торговый павиль...

  31.10.2026   115
ДДСҰ басшысы Тоқаевтың медицина қызметкерлерін қолдау саясатына ризашылығын білдірді

ДДСҰ басшысы Тоқаевтың медицина қызметкерлерін қолдау саясатына ризашылығын білдірді

Тедрос Аданом Гебрейесус 77 мың медицина қызметкер...

  31.10.2026   96
Глава ВОЗ высоко оценил вклад Токаева в реализацию концепции «Здоровье для всех»

Глава ВОЗ высоко оценил вклад Токаева в реализацию концепции «Здоровье для всех»

Тедрос Аданом Гебреисус отметил решение повысить з...

  31.10.2026   91
Образованное поколение

Образованное поколение

В своем Послании народу Казахстана «Актуальные зад...

  31.10.2026   96
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2026. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.