Воскресенье, 01 Ноября 2026

ХАЛЫҚТЫҚ ШТАБ МҮШЕЛЕРІ БІЛІМ САЛАСЫНЫҢ ӨКІЛДЕРІМЕН КЕЗДЕСТІ

ХАЛЫҚТЫҚ ШТАБ МҮШЕЛЕРІ БІЛІМ САЛАСЫНЫҢ ӨКІЛДЕРІМЕН КЕЗДЕСТІ

Халықтық штаб мүшелері Қаныбек Айтжанов, Ербол Жақсыбаев және Бекжан Сүнбеков қатысқан кездесу барасында елімізде АЭС салудың қажеттілігі туралы кеңірек айтылып, АЭС-тің қазіргі заманғы технологияларының қауіпсіздігі мен сенімділігі туралы егжей-тегжейлі айтылып, әлемнің дамыған елдеріндегі тәжірибелерде мысалға келтірілді. Олар Қазақстанның экономикалық және экологиялық тұрақтылығын нығайту үшін атом энергиясын дамыту қажет екенін де алға тартты.
«АЭС салу елдің энергетикалық тәуелсіздігін қамтамасыз ету мен экономикалық дамуына оң әсер ететіні анық. Сондай-ақ, төмен көміртекті экономикаға жаһандық көшу жағдайында елдің экономикалық және әлеуметтік дамуының маңызды факторы болып табылады. Атом электр станциясы Қазақстанға қазіргі энергетикалық мәселелерді шешуге және болашақта тұрақты дамудың негізін жасауға көмектеседі. Сондықтан елдің болашағы үшін әрбір азамат осы референдумда белсенді түрде қатысып, өз ойын білдіру керек деп ойлаймын», - деді Ербол Жақсыбаев.  
Колледж ұжымы мен студенттері де кездесуде өз пікірлерін білдіріп, АЭС салу жобасына қолдау көрсететіндерін айтты. Жастар елдің энергетикалық тәуелсіздігіне және экологияны сақтауға бағытталған жобаның маңыздылығын толықтай түсінетіндерін жеткізді.

Другие новости

Новый павильон для местных производителей

Новый павильон для местных производителей

В городе Қонаев начал работу новый торговый павиль...

  31.10.2026   128
ДДСҰ басшысы Тоқаевтың медицина қызметкерлерін қолдау саясатына ризашылығын білдірді

ДДСҰ басшысы Тоқаевтың медицина қызметкерлерін қолдау саясатына ризашылығын білдірді

Тедрос Аданом Гебрейесус 77 мың медицина қызметкер...

  31.10.2026   111
Глава ВОЗ высоко оценил вклад Токаева в реализацию концепции «Здоровье для всех»

Глава ВОЗ высоко оценил вклад Токаева в реализацию концепции «Здоровье для всех»

Тедрос Аданом Гебреисус отметил решение повысить з...

  31.10.2026   106
Образованное поколение

Образованное поколение

В своем Послании народу Казахстана «Актуальные зад...

  31.10.2026   110
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2026. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.