Пятница, 02 Октября 2026

ҰСТАЗДАР ПРЕЗИДЕНТ БАСТАМАЛАРЫН ҚОЛДАЙДЫ

ҰСТАЗДАР ПРЕЗИДЕНТ БАСТАМАЛАРЫН ҚОЛДАЙДЫ

Бүгін АЭС салуды қолдау жөніндегі аудандық халықтық штаб мүшелері Сейдалиев Мақсат, Нұрлан Түймелиев №43 орта мектептің ұжымымыен кездесті.

Ұстаздармен әңгімелесу барысында штаб мүшелері Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың кезекті Жолдауында көрсетілген жалпыұлттық референдум өткізу бойынша атом энергиясын пайдаланудың артықшылығы туралы айтты.

Халықтық штабтың мақсаты – ел арасында кең ауқымды түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, қоғамда АЭС-ті қолдауға жұмылдыру. Халықты атом электр станциясын салу жөніндегі прогрессивті идеясының айналасында топтастыру, қоғамға АЭС салудың маңыздылығы мен артықшылықтарын жеткізу болып табылады.

Күрделі геосаяси жағдайда Қазақстан өзінің көпвекторлы саясатының арқасында барлық негізгі жаһандық ойыншылармен тиімді қарым-қатынас құруда. Атом электр станциясын салу туралы шешім барлық ықтимал тәуекелдерді ескере отырып және ел мүддесіне толық сәйкес келетін болады. Сонымен қатар, атом энергетикасын дамыту Қазақстанның энергетикалық тәуелсіздігін нығайтуға және экономикалық өсу үшін тұрақты энергиямен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Бұл таза энергияға ғана емес, елдің стратегиялық тұрақтылығын арттыруға жасалған қадам.

Сондай-ақ, қазіргі уақытта Қазақстан электр энергиясының тапшылығын сезінуде және оны көрші елдерден импорттауға мәжбүр екенін бәрі білуге тиіс. Осы тапшылық жаңа өндірістердің іске қосылуына, жұмыс орындарын құруға тікелей әсер етіп, бизнестің дамуына кедергі келтіруде. Бұған жол беруге болмайды.

Кездесуде ұстаздар қауымы референдум, АЭС бойынша толғандырған сауалдарын қойып, штаб мүшлерінен жауап алды.

Другие новости

Алматы облысында жылына 1 млрд литр сусын өндіретін ірі зауыт іске қосылды

Алматы облысында жылына 1 млрд литр сусын өндіретін ірі зауыт іске қосылды

Алматы облысының Боралдай ауылында  «Carlsber...

  01.10.2026   164
В Алматинской области запущен крупный завод по производству напитков мощностью до 1 млрд литров в год

В Алматинской области запущен крупный завод по производству напитков мощностью до 1 млрд литров в год

В селе Боралдай Алматинской области состоялось отк...

  01.10.2026   143
Определены ключевые задачи региона

Определены ключевые задачи региона

Очередная 56-я сессия областного маслихата состоял...

  30.09.2026   167
Казахстан – лидер Центральной Азии в Глобальном индексе инноваций 2026

Казахстан – лидер Центральной Азии в Глобальном индексе инноваций 2026

Казахстан поднялся на восемь позиций и занял 73-е...

  30.09.2026   131
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2026. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.