Пятница, 02 Октября 2026

АЭС САЛУДЫ ҚОЛДАУ ЖӨНІНДЕГІ ХАЛЫҚТЫҚ ШТАБ МҮШЕЛЕРІ БІЛІМ САЛАСЫ МАМАНДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ

АЭС САЛУДЫ ҚОЛДАУ ЖӨНІНДЕГІ ХАЛЫҚТЫҚ ШТАБ МҮШЕЛЕРІ  БІЛІМ САЛАСЫ МАМАНДАРЫМЕН  КЕЗДЕСТІ

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың кезекті Жолдауында көрсетілген жалпыұлттық референдум өткізу бойынша АЭС салуды қолдау жөніндегі халықтық штаб мүшелері Көкқайнар ауылдық округіндегі  №53 жалпы орта мектебінің ұжымымен кездесті.

Штабтың мақсаты – ел арасында кең ауқымды түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, қоғамды АЭС-ті қолдауға жұмылдыру. Халықты атом электр станциясын салу жөніндегі прогрессивті идеясының айналасында топтастыру, қоғамға АЭС салудың маңыздылығы мен артықшылықтарын жеткізу.

Қазіргі уақытта Қазақстан электр энергиясының тапшылығын сезінуде және оны көрші елдерден импорттауға мәжбүр екенін бәрі білуге тиіс. Осы тапшылық жаңа өндірістердің іске қосылуына, жұмыс орындарын құруға тікелей әсер етіп, бизнестің дамуына кедергі келтіруде. Бұған жол беруге болмайды.

Сондай-ақ, кездесу барысында еліміз үшін ерекше мәнге ие, көптеген өзгерістердің бастамасына түрткі болып отырған, АЭС-тың (атом электр станциясы) салынуына байланысты түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, жастардың референдумға көзқарасы қандай екендігі баяндалды.

Деректерге сүйенсек, электр энергиясын тұтыну қарқыны жыл сайын 3 пайызға артып келе жатыр. Алдағы 10 жылда энергия қуатының тапшылығы 30 пайызға жетуі мүмкін. Жылдан жылға өсіп келе жатқан энергия қуатының тапшылығы жаңа өндірістердің іске қосылуына, жұмыс орындарын құруға кері әсер етіп, бизнестің дамуына кедергі келтіреді. Бұған жол беруге болмайды. Осы мәселені түбегейлі шешу үшін кең ауқымды түсіндіру жұмыстарын жүргізуіміз керек.

Кездесуде №53  жалпы орта мектебінің ұжымы,  референдум, АЭС бойынша толғандырған сауалдарын қойып, штаб мүшлерінен жауап алды.

Другие новости

Алматы облысында жылына 1 млрд литр сусын өндіретін ірі зауыт іске қосылды

Алматы облысында жылына 1 млрд литр сусын өндіретін ірі зауыт іске қосылды

Алматы облысының Боралдай ауылында  «Carlsber...

  01.10.2026   164
В Алматинской области запущен крупный завод по производству напитков мощностью до 1 млрд литров в год

В Алматинской области запущен крупный завод по производству напитков мощностью до 1 млрд литров в год

В селе Боралдай Алматинской области состоялось отк...

  01.10.2026   143
Определены ключевые задачи региона

Определены ключевые задачи региона

Очередная 56-я сессия областного маслихата состоял...

  30.09.2026   167
Казахстан – лидер Центральной Азии в Глобальном индексе инноваций 2026

Казахстан – лидер Центральной Азии в Глобальном индексе инноваций 2026

Казахстан поднялся на восемь позиций и занял 73-е...

  30.09.2026   131
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2026. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.