Понедельник, 08 Сентября 2025

Ерлан Жакупов: «Әрқайсымыз Жолдауда айтылған міндеттерді орындауға үлес қосуымыз керек»

Ерлан Жакупов: «Әрқайсымыз Жолдауда айтылған міндеттерді орындауға үлес қосуымыз керек»

«AMANAT» партиясы Алматы облыстық филиалының атқарушы хатшысы Ерлан Жакупов

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың биылғы Жолдауы – заман талабына сай жасалған тарихи бағдар. Әлемде болып жатқан түбегейлі өзгерістер бізге де тікелей әсер етіп отыр. Әсіресе жасанды интеллекттің дамуы адам өмірінің барлық саласын өзгертуде. Біз мұндай құбылыстан тыс қала алмаймыз. Керісінше, ел болып осы мүмкіндікті дұрыс пайдаланып, Қазақстанды жаңа дәуірдің көшбасшыларының қатарына қосуға тиіспіз.

Президент атап өткендей, алдағы үш жылдың ішінде еліміз толық цифрлық мемлекетке айналуы керек. Бұл бастама – халықтың әл-ауқатын арттырудың, экономиканы жаңғыртудың, жастардың әлеуетін ашудың басты жолы. Жасанды интеллект мемлекеттік басқаруды ашық әрі әділ етеді, бюрократиялық кедергілерді жояды, халыққа қызмет көрсетудің сапасын жаңа деңгейге көтереді. Бұл – әділетті қоғам құруға бастайтын берік негіз.

«AMANAT» партиясы Мемлекет басшысының стратегиялық бастамаларын толығымен қолдайды. Біздің мақсатымыз – халықпен бірге болып, ел мүддесі үшін еңбек ету. Соның бір жарқын мысалы – «Қарызсыз қоғам» жобасы. Өткен жылы республика бойынша жүздеген мың азамат осы бастама арқылы қаржылық сауаттылығын арттырып, құқықтық кеңес алды. Оның ішінде Алматы облысының өзінде биыл 18 мыңға жуық тұрғын арнайы курстардан өтіп, өз қаражатын дұрыс жоспарлау мен артық қарыздан сақтану жолдарын үйренді. Бұл – тек борыштан арылу емес, ол – әр отбасының тұрмысын жақсартудың, саналы қаржылық мәдениетті қалыптастырудың жолы. Ендігі мақсат – мұндай әлеуметтік жобаларды жасанды интеллект құралдарымен ұштастырып, халыққа барынша тиімді жеткізу.

Жолдауда ерекше мән берілген тағы бір мәселе – жасанды интеллектіні мектептен бастап оқыту. Бұл – болашаққа салынған ең сенімді инвестиция. Жаңа ұрпақ заманауи технологияларды терең меңгерсе, еліміз әлемдік бәсекеге қабілетті елдердің қатарынан ойып орын алады. Алматы облысының жастары белсенділігімен, жаңашылдығымен әрқашан ерекшеленіп келеді. Біз оларды қолдап, стартаптарға, IT-жобаларға жол ашу арқылы өңірімізді цифрлық дамудың алдыңғы шебіне шығаруға дайынбыз.

Президент Жолдауында елдің алдында тұрған жеті негізгі міндет нақтыланды. Оның ішінде инвестиция тарту, өнеркәсіпті әртараптандыру, ауыл шаруашылығын жаңа деңгейге көтеру, көлік-логистика инфрақұрылымын жетілдіру, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы мен су мәселесін шешу, кәсіпкерлікті қолдау және адам капиталын дамыту бар. Бұл міндеттердің әрқайсысы өзара сабақтасып, Қазақстанды жаңа сапалық деңгейге көтеретін стратегиялық бағыттарға айналады.

Мәселен, соңғы бес жылда өңдеу өнеркәсібінің көлемі екі есеге артып, 17 триллион теңгеге жетті. Былтырдың өзінде елімізде 163 жаңа өндіріс іске қосылып, 12,5 мың тұрақты жұмыс орны ашылды. Ал ауыл шаруашылығына биылдың өзінде 1 триллион теңге бөлінді. Мұның барлығы халықтың әл-ауқатын арттыруға бағытталған нақты қадамдар.

Бүгінде Қазақстан жаңа дәуірге аяқ басты. Жасанды интеллект – жай ғана технология емес, ол әділетті қоғам құрудың, қуатты мемлекет қалыптастырудың, табысты ұлт болудың басты тірегі. Біз осы жолда Мемлекет басшысының Жолдауын толық қолдай отырып, елдің игілігі үшін еңбек етуге дайынбыз.

«AMANAT» партиясы Алматы облыстық филиалының атқарушы хатшысы Ерлан Жакупов.

Другие новости

Ерлан Жакупов: «Әрқайсымыз Жолдауда айтылған міндеттерді орындауға үлес қосуымыз керек»

Ерлан Жакупов: «Әрқайсымыз Жолдауда айтылған міндеттерді орындауға үлес қосуымыз керек»

«AMANAT» партиясы Алматы облыстық филиалының атқар...

  08.09.2025   76
Вопрос, не терпящей спешки

Вопрос, не терпящей спешки

Сегодняшнее Послание Президента Казахстана Касым-Ж...

  08.09.2025   97
В Послании Президента поручено придать Alatau City специальный статус

В Послании Президента поручено придать Alatau City специальный статус

Сегодня Глава государства Касым-Жомарт Токаев в По...

  08.09.2025   127
Еңбекшіқазақ ауданында Қазақстан халқы Ассамблеясының І сессиясы өтті

Еңбекшіқазақ ауданында Қазақстан халқы Ассамблеясының І сессиясы өтті

2025 жылғы 8 қыркүйекте Алматы облысы Еңбекшіқазақ...

  08.09.2025   100
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.