Среда, 11 Февраля 2026

Тәртіп пен талап – ел тұрақтылығының кепілі

Тәртіп пен талап – ел тұрақтылығының кепілі

2025 жылғы 8 қыркүйекте Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Қазақстан халқына арнаған Жолдауын жариялап, еліміздің дамуындағы жаңа кезеңнің бастауын айқындады. Бұл Жолдау – мемлекетіміздің болашағын бағдарлайтын стратегиялық құжат қана емес, халқымыздың бірлігін бекемдеп, елдігімізді нығайтатын темірқазық болып табылады.
Президентіміз өз сөзінде саяси жүйені жетілдіру, экономиканы әртараптандыру, әлеуметтік саясатты күшейту бағыттарын нақтылап қана қоймай, білім беру мен ғылымды дамыту, жастарды қолдау, ұлттық қауіпсіздікті нығайту мәселелеріне де айрықша назар аударды. Әсіресе, цифрландыруды тереңдету, жасанды интеллект мүмкіндіктерін пайдалану, экономикалық өсім мен халықтың әл-ауқатын арттыруға бағытталған бастамалар – ел болашағына деген сенімді арттыратыны сөзсіз.
6654 әскери бөлімнің жеке құрамы Мемлекет басшысының Жолдауын зор ықыласпен қабылдап, оның әрбір міндеті мен тапсырмасын жүзеге асыруға дайын екенін атап өткім келеді. Әскерилер үшін тәртіп пен талап – басты ұстаным. Сондықтан біз Жолдауда көрсетілген бағыттарды өз қызметімізде басшылыққа алып, әскери тәртіпті күшейтуге, жауынгерлік даярлықты арттыруға және жеке құрамның құқықтық санасын жетілдіруге ерекше мән береміз.
Әрбір сарбаз – елінің қорғаушысы, Тәуелсіздіктің қалқаны. Сарбаздың басты парызы – антқа адалдық, тәртіп пен заңға мойынсұну, ел мүддесін бәрінен жоғары қою. Біздің бөлімде осы қағидаларға сүйене отырып, жеке құрамды жан-жақты тәрбиелеу, олардың әскери машығын жетілдіру, патриоттық рухын көтеру бойынша жүйелі жұмыс атқарылып келеді.
Президентіміз атап өткендей, жастар – ел болашағының тірегі. Біздің сарбаздарымыз заман талабына сай білімді, тәртіпті, жауапкершілігі жоғары әрі батыл офицерлер мен кәсіби мамандар болып қалыптасуы үшін барлық жағдай жасалуда. Заманауи цифрлық технологияларды енгізу, әскери ғылымды дамыту, жауынгерлік даярлықты үздіксіз жетілдіру – бөлім жұмысындағы басты басымдықтардың бірі болып қала береді.
Мемлекет басшысының Жолдауында көтерілген бастамалар бүкіл Қазақстан халқының болашаққа деген сенімін нығайтып, елді жаңа жетістіктерге жетелейтіні анық. Біз, 6654 әскери бөлімнің ұжымы, Жолдаудағы тапсырмаларды адал орындап, Отанымыздың бейбіт өмірі мен тұрақтылығы жолында аянбай еңбек етеміз.

Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!
Тәуелсіздігіміз мәңгі жасай берсін!

6654 әскери бөлім командирі
полковник Алқайдаров Сағындық Ахмадиұлы.

Другие новости

Конституционная реформа: принципы, гарантии и четкий порядок перехода

Конституционная реформа: принципы, гарантии и четкий порядок перехода

В Казахстане продолжается всестороннее обсуждение...

  11.02.2026   99
Балалардың болашағы мен отбасының тұрақтылығы – Конституциялық деңгейде қорғалуы тиіс

Балалардың болашағы мен отбасының тұрақтылығы – Конституциялық деңгейде қорғалуы тиіс

Қазіргі кезеңде ел ішінде Ата заңды жаңғыртуға бағ...

  11.02.2026   91
В поддержку главного документа страны

В поддержку главного документа страны

Работа Комиссии по конституционной реформе продолж...

  11.02.2026   99
Обеспечить непрерывность политического процесса

Обеспечить непрерывность политического процесса

На очередном одиннадцатом заседании члены Комиссии...

  11.02.2026   165
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2026. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.