Пятница, 06 Февраля 2026

ҰЭМ, Ұлттық банк және ҚНРДА 2026-2028 жылдарға арналған бірлескен іс-қимыл бағдарламасын түсіндіретін бірқатар кеңестерін аяқтады

ҰЭМ, Ұлттық банк және ҚНРДА 2026-2028 жылдарға арналған бірлескен іс-қимыл бағдарламасын түсіндіретін бірқатар кеңестерін аяқтады

Ұлттық экономика министрлігі, Ұлттық банк және Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі 2026-2028 жылдарға арналған бірлескен іс-қимыл бағдарламасын түсіндірудің қорытынды онлайн-кеңесін өткізді. Талқылауға "Атамекен" ҰКП, "Бәйтерек "ҰБХ" АҚ барлық облыстық филиалы, бизнес, әкімдік өкілдері қатысты. Ағымдағы жылғы 27 қараша мен 5 желтоқсан аралығында барлық өңірде кездесу өткізілді. Оларға 500-ден астам адам қатысты.

19 қарашада Үкімет отырысында ұсынылған бағдарлама макроэкономикалық тұрақтылықты нығайтуға, инфляцияны төмендетуге, ішкі өндірісті молайтып, азаматтардың әл-ауқатының тұрақты өсуіне арналған. Ұлттық экономика бірінші вице-министрі Азамат Әмрин ұсынылған шаралар ортамерзімдік перспективада тұрақты экономикалық дамудың берік іргетасын қалайтынын атап өтті.

Бағдарламаны іске асырудың негізгі операторы ретінде "Бәйтерек" ұлттық инвестициялық холдингі белгіленген. Ол кәсіпкерлікті, экспорттық жобаларды, АӨК және қолжетімді тұрғын үй бағдарламаларын және т.б. қолдайды. Холдинг екінші деңгейдегі банктермен бірлесіп, ірі инвестициялық жобалар үшін де, экономикалық өсудің жаңа нүктелері үшін де нақты секторға ұзақмерзімдік кредит берудің негізге көзіне айналмақ. 2026 жылғв холдинг жобаларының портфелі мыналар: 42% - химия және мұнай - газ химия өнеркәсібі, 19,6% - көлік және логистика, 12,1% - энергетика, 7,1% - ТМК, 6,4% - АӨК және тамақ өнеркәсібі.

Қаржыландырға қол жеткізу үшін Үкімет 2026 жылы холдингке капиталдандыру үшін 1 трлн теңгеге дейін қаржы бөлуді жалғастырады. 2027-2028 жылдары қосымша қолдау мәселесі ағымдағы экономикалық жағдай мен нақты сектордың қажеттілігіне сүйене отырып, қаралмақ.

"Инвестицияға тапсырыс" бағдарламасы шеңберінде холдинг өңірдегі жобаларды талдау үшін әкімдіктермен жұмыс кездесуін өткізеді. Орталық мемлекеттік органдар да өз ұсынысын құрмақ. Барлық бастама жүйелі сүйемелдеу үшін ұлттық цифрлық платформаға енгізіледі.

Экспортқа бағдарланған жобаларға ШОБ-тың көп қызығушылық білдіруде. Мұндай бастамаларды қаржыландыру тетігі бойынша 20% меншікті қаражат және 80% "Бәйтерек" холдингі арқылы қарыздық қаржы берілуі мүмкін.

Сонымен қатар, холдинг өңірлердің артықшылықтарына - табиғи ресурстарға, көлікке қол жеткізуге, туристік әлеуетке және инфрақұрылымға негізделген жаңа өндіріс құруды белсенді түрде ұсынады.

Кеңес барысында қатысушылардың барлық мәселесі тыңдалды. Олардың көпшілігі ШОБ-ты дамыту, пайыздық мөлшерлеме, шағын өнеркәсіп аймағын құру, МЖӘ тетіктері мен өнімді сатуға қатысты. Әр сұраққа егжей-тегжейлі түсінік берілді. Жобаның бүкіл мерзіміне пайыздық мөлшерлемені субсидиялауға кепілдік беру — негізгі мәселе.

Бұған жауап ретінде "Бәйтерек" холдингінің өкілдері "Даму" қорының бағдарламаларын трансформациялау шеңберінде тікелей субсидиялау айтарлықтай қысқартылғанын және ЭҚЖЖ тізбесі бойынша тек жобаларға ғана 200 млн теңгеге дейін сақталатынын түсіндірді. Қолдаудың негізгі құралы екінші деңгейдегі банктерді жеңілдікті мөлшерлемемен қорландыру. Бұл бизнеске жобаның бүкіл мерзіміне жылдық 12,6% қаржы алуға мүмкіндік береді.

Бұл шарттарға кепілдік берілмек. Өйткені қорландыру қаражаты "Бәйтерек" арқылы бөлініп, "Даму"қорына берілді. Жоба болашақ бюджеттік шешімдерге тәуелді емес. Қаржыландыруға кредит берудің барлық кезеңінде қол жеткізіледі.

Другие новости

В городе Қонаев начнётся строительство медицинского кампуса

В городе Қонаев начнётся строительство медицинского кампуса

Об этом сообщил отдел предпринимательства городско...

  06.02.2026   89
Алматинская область в числе лидеров по объему инвестиций в АПК

Алматинская область в числе лидеров по объему инвестиций в АПК

В 2025 году Алматинская область вошла в число веду...

  06.02.2026   93
Право быть услышанным

Право быть услышанным

Конституция - это свод правил, по которым живет об...

  06.02.2026   109
Область – среди лидеров качественного роста

Область – среди лидеров качественного роста

Алматинская область вошла в первую группу лидеров...

  06.02.2026   101
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2026. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.