Суббота, 10 Октября 2026

Конституциялық реформалар – құқықтық мемлекет пен демократиялық дамудың берік тірегі

Конституциялық реформалар – құқықтық мемлекет пен демократиялық дамудың берік тірегі

Қазақстанда жүзеге асырылып жатқан конституциялық реформалар – елдің саяси-құқықтық жүйесін сапалы жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды әрі тарихи бастама. Бұл өзгерістер уақыт талабына сай мемлекеттік басқару тетіктерін жетілдіріп қана қоймай, қоғам мен билік арасындағы өзара сенім мен жауапкершілікті нығайтуға мүмкіндік береді.

Аталған реформалардың басты ерекшелігі – олардың қоғам сұранысына, сарапшылар пікірі мен азаматтық бастамаларға негізделуінде. Яғни, Конституция мазмұны заманауи көзқараспен қайта пайымдалып, мемлекеттік институттардың тиімді жұмыс істеуіне және азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғаудың нақты кепілдіктерін күшейтуге басымдық берілген.

Конституциялық жаңғырту аясында құқық үстемдігін қамтамасыз ету, заң алдындағы теңдікті нығайту, құқық қолдану тәжірибесінің әділдігін арттыру бағытындағы нормалар айқындала түсті. Бұл өз кезегінде құқықтық мәдениеттің қалыптасуына, заңнаманың түсінікті әрі бірізді болуына оң ықпал етеді.

Сонымен қатар, билік тармақтары арасындағы тепе-теңдіктің сақталуы, Парламент өкілеттігінің артуы, азаматтардың мемлекеттік маңызы бар шешімдер қабылдау процесіне қатысу мүмкіндіктерінің кеңеюі демократиялық қағидаттардың нығая түскенін көрсетеді. Конституциялық бақылау институтының күшеюі де құқықтық мемлекет негіздерін тереңдете түседі.

Жалпы алғанда, бұл реформалар Қазақстанның құқықтық мемлекет ретіндегі даму бағытын айқындап, ашықтық, есептілік және әділдік қағидаттарына сүйенген жаңа басқару мәдениетін қалыптастыруға серпін береді. Конституциялық өзгерістер – ел болашағына бағытталған стратегиялық әрі оң қадам екені сөзсіз.

Қоғамдық пікір көшбасшысы
Сейтпекова Жанар

Другие новости

Казахстан вошёл в топ-35 наиболее влиятельных государств мира

Казахстан вошёл в топ-35 наиболее влиятельных государств мира

Казахстан занял 34-е место среди 100 государств в...

  10.10.2026   67
Мандат требует участия

Мандат требует участия

Конституция закрепляет личное голосование депутата...

  10.10.2026   97
Политическая ответственность после выборов

Политическая ответственность после выборов

Новая Конституция связывает депутатский мандат с п...

  10.10.2026   98
Личная территория в цифровом мире

Личная территория в цифровом мире

Приведем в пример одну очень показательную статист...

  10.10.2026   111
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2026. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.