Вторник, 25 Августа 2026

Жаңа Конституция жобасының мәтіні «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» басылымдарында, сондай-ақ Конституциялық Соттың ресми сайтында жарияланады – Эльвира Азимова

Жаңа Конституция жобасының мәтіні «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» басылымдарында, сондай-ақ Конституциялық Соттың ресми сайтында жарияланады – Эльвира Азимова

Бұл туралы Конституциялық Соттың төрағасы Эльвира Азимова Конституциялық комиссияның кезекті отырыстында хабарлады. Ол комиссияның жұмысы ашық және мазмұнды түрде жүріп жатқанын атап өтті.

Эльвира Азимованың айтуынша, комиссия жұмысына биліктің заң шығарушы, атқарушы және сот тармағының, сондай-ақ ғылыми қауымдастық, азаматтық сектор және медиа өкілдерінен тұратын 130 адам жұмылдырылған. Барлық отырыстар Конституциялық соттың әлеуметтік желілерінде және «Конституциялық реформа 2026» арнайы Telegram-арнасында тікелей эфирде көрсетілуде.

Конституциялық Соттың төрағасы жобаны талқылау кезінде құқықтық түзетулер санына емес, жаңартылған мазмұны мен мәніне назар аудару маңызды екенін атап өтті.

«Жаңа Конституцияның негізінде адамға бағытталған мемлекеттік модель көзделген. Онда адам, оның құқықтары, бостандықтары мен қадір-қасиеті ең жоғары құндылық және мемлекеттік саясаттың басты бағдары ретінде танылған. Халықтың дәстүрлі құндылықтармен, тарихи тәжірибесімен әділеттілік, жауапкершілік және қоғамдық бірлік туралы түсініктермен тығыз байланысты қағидалар көрініс тапқан», – деді ол.

Ұсынылған жаңартулардың ауқымын ескере отырып, комиссия мүшелерінің көпшілігі құжатты енді тек түзетулер пакеті ретінде қарастыруға болмайды деп санайды. Қазақстан Президенті бұл ұстанымды қолдап, бүкілхалықтық талқылау үшін жобаны жариялауды жақтады.

«Жаңа Конституция жобасының мәтіні «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» басылымдарында, сондай-ақ Конституциялық Соттың ресми сайтында жарияланады», – деді Эльвира Азимова.

Другие новости

Туя меняет  облик городов

Туя меняет облик городов

Развитие питомников и увеличение объемов отечестве...

  24.08.2026   126
Жилищный вопрос - в приоритете

Жилищный вопрос - в приоритете

Сразу 21 семья из социально уязвимых категорий нас...

  24.08.2026   123
В Алматинской области  на избирательные участки пришли 742 307 человек

В Алматинской области на избирательные участки пришли 742 307 человек

Парашютист, спустившийся с неба к избирательному у...

  24.08.2026   112
БДИПЧ отметило публичность процедур и меры по защите электоральной добросовестности

БДИПЧ отметило публичность процедур и меры по защите электоральной добросовестности

Открытость избирательных процедур, возможность нац...

  24.08.2026   119
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2026. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.