Четверг, 08 Октября 2026

ІЛЕ АУДАНЫНДАҒЫ №45 МЕКТЕП – ГИМНАЗИЯСЫНДА ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ ЖОБАСЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

ІЛЕ АУДАНЫНДАҒЫ №45 МЕКТЕП – ГИМНАЗИЯСЫНДА ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ ЖОБАСЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Іле ауданы Байкент ауылдық округіндегі №45 мектеп – гимназиясында «Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» коалиция мүшелерінің қатысуымен мектеп ұжымымен кездесу өтті.

Кездесудің негізгі мақсаты – Конституцияның жаңа жобасын таныстыру және 15 наурызда өтетін республикалық референдумға белсенді қатысуға шақыру болды.

Өз сөзінде Нұрлан Түймелиев жаңа Ата заң жобасының басты ерекшеліктеріне тоқталып, құқықтық бағыттағы өзгерістерді атап өтті. Оның айтуынша, құжатта адам құқықтары мен бостандықтарына бұрынғыдан да жоғары деңгейде басымдық берілген.
– Қоғам дамыған сайын жаңа ұғымдар мен құндылықтар қалыптасады. Сол өзгерістердің барлығы Конституцияда көрініс табуы тиіс. Әсіресе ақпараттық технологиялар саласындағы азаматтардың құқықтары мен өзара қатынастары нақты көрсетіліп отыр. Бұл – Конституцияның қазіргі заман талабына сай әзірленгенін білдіреді, – деді депутат.

Айдар Абдрахманов  өз кезегінде билік құрылымындағы өзгерістерге назар аударды.
– Парламенттің Құрылтай болып өзгеруі және екі палаталы жүйеден бір палаталы органға көшу – заң шығару процесін тиімді әрі жедел етуге мүмкіндік береді. Бұл – дамыған елдердің тәжірибесінде бар үлгі. Сапалы әрі уақытылы қабылданатын заңдар қоғамның тұрақты дамуына негіз болады, – деді ол.

Кездесу барысында мектеп ұжымы жаңа Конституция жобасына қатысты өздерін толғандырған сауалдарын қойып, пікір алмасты. Ашық диалог форматында өткен жиын жастардың құқықтық сауаттылығын арттыруға және ел болашағына қатысты маңызды шешімге жауапкершілікпен қарауға үндеді.

Өңірлік коалицияның баспасөз қызметі.

Другие новости

Финансовая основа государства

Финансовая основа государства

Новая Конституция закрепляет национальную валюту Р...

  08.10.2026   105
Конституция о защите Родины

Конституция о защите Родины

Конституция называет защиту Республики Казахстан с...

  08.10.2026   97
Омбудсмен в новой Конституции

Омбудсмен в новой Конституции

Новая Конституция закрепляет место уполномоченного...

  08.10.2026   101
Образование, труд и участие

Образование, труд и участие

Новая Конституция напрямую касается молодых казахс...

  08.10.2026   88
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2026. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.