Пятница, 20 Февраля 2026

КОАЛИЦИЯ МҮШЕЛЕРІ КОМФОРТ САНТЕХНИКА ҰЖЫМЫМЕН КЕЗДЕСТІ

КОАЛИЦИЯ МҮШЕЛЕРІ КОМФОРТ САНТЕХНИКА  ҰЖЫМЫМЕН КЕЗДЕСТІ

«Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» коалициясының мүшелері Талғар ауданындағы «КОМФОРТ САНТЕХНИКА»  еңбек ұжымымен кездесіп, 2026 жылғы 15 наурызда өтетін республикалық референдумға шығарылған жаңа Конституция жобасының негізгі ережелерін талқылады.

Кездесу барысында коалиция мүшелері жаңа Ата Заңның адамға бағдарланған сипаты, әлеуметтік кепілдіктердің сақталуы, еңбек құқықтары, цифрлық қауіпсіздік және дәстүрлі отбасы құндылықтарын қорғау мәселелеріне тоқталды. Сондай-ақ қатысушылардың сұрақтарына жауап беріп, алдағы референдумның маңыздылығын атап өтті.

«Жаңа Конституция – біздің ортақ болашағымыздың негізі. Әрбір азаматтың референдумға қатысып, дауыс беруі – еліміздің даму жолына қосқан үлесі», – деді коалиция мүшесі Нұрдаулетов Сұлтан Нұрғайыпұлы 

Ұжым өкілдері жаңа Конституция жобасымен танысып, өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алғандарына алғыстарын айтты.

Жалпыұлттық коалиция ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жалғастырып, еліміздің түкпір-түкпірінде осындай кездесулер өткізуді жоспарлап отыр.

Өңірлік коалицияның баспасөз қызметі.

Другие новости

Коалиция өкілдері ауыл жұртшылығымен кең форматта кездесті

Коалиция өкілдері ауыл жұртшылығымен кең форматта кездесті

Жамбыл ауданындағы Айдарлы елді мекенінде өткен ке...

  20.02.2026   82
КОАЛИЦИЯ МҮШЕЛЕРІ КОМФОРТ САНТЕХНИКА  ҰЖЫМЫМЕН КЕЗДЕСТІ

КОАЛИЦИЯ МҮШЕЛЕРІ КОМФОРТ САНТЕХНИКА ҰЖЫМЫМЕН КЕЗДЕСТІ

«Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық...

  20.02.2026   83
О проверке включения в список граждан, имеющих право участвовать в республиканском референдуме

О проверке включения в список граждан, имеющих право участвовать в республиканском референдуме

Гражданин Республики Казахстан, достигший на день...

  20.02.2026   65
Проект новой Конституции обсудили в Алматинской области

Проект новой Конституции обсудили в Алматинской области

Члены Общенациональной коалиции встретились с жите...

  20.02.2026   124
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2026. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.