Четверг, 08 Октября 2026

Үңгіртас ауылында жаңа Конституция жобасы талқыланды

Үңгіртас ауылында жаңа Конституция жобасы талқыланды

Жамбыл ауданындағы Үңгіртас ауыл тұрғындарымен өткен кездесуде жаңа Конституция жобасының әлеуметтік және құқықтық негіздері түсіндірілді.

Коалиция мүшелері жаңа редакцияда Қазақстанның әлеуметтік мемлекет екені нақты әрі айқын бекітілетінін және азаматтардың заңда белгіленген тәртіппен ақы алынбай медициналық көмек алуға құқығы сақталатынын атап өтті.

Коалиция мүшесі Мадияр Әмірғалиев әлеуметтік нормаларға тоқталды.

«Әлеуметтік мемлекет қағидаты – жай декларация емес. Бұл мемлекет азамат алдындағы міндеттемесін конституциялық деңгейде бекітеді деген сөз. Медициналық көмекке қол жеткізу, әлеуметтік кепілдіктердің сақталуы – ауыл тұрғыны үшін де, қала тұрғыны үшін де бірдей құқық. Жаңа Конституция осы теңдікті нақты құқықтық нормамен бекітеді», – деді ол.

Кездесу барысында тұрғындар сұрақ қойып, пікір алмасты.

Өңірлік коалицияның баспасөз қызметі.

Другие новости

Большая реконструкция ирригации

Большая реконструкция ирригации

Более 125 километров Большого Алматинского канала...

  08.10.2026   65
Финансовая основа государства

Финансовая основа государства

Новая Конституция закрепляет национальную валюту Р...

  08.10.2026   112
Конституция о защите Родины

Конституция о защите Родины

Конституция называет защиту Республики Казахстан с...

  08.10.2026   105
Омбудсмен в новой Конституции

Омбудсмен в новой Конституции

Новая Конституция закрепляет место уполномоченного...

  08.10.2026   108
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2026. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.