Четверг, 04 Июня 2026

Коалиция мүшелері Есік гуманитарлық-экономикалық колледж ұжымымен кездесті

Коалиция мүшелері Есік гуманитарлық-экономикалық колледж ұжымымен кездесті

«Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» жалпыұлттық коалициясының мүшелері Есік қаласындағы  гуманитарлық-экономикалық колледж ұжымымен кездесу өткізді.

Жиында жаңа Конституция жобасындағы табиғи ресурстар мен жерге қатысты норма түсіндірілді. Атап айтқанда, 8-баптың 3-тармағына сәйкес жер және оның қойнауы, су көздері, өсімдіктер мен жануарлар дүниесі, өзге де табиғи ресурстар халыққа тиесілі екені атап өтілді.

Коалиция мүшесі Рахимов Бағдат бұл норманың стратегиялық маңызын кеңінен түсіндірді.

«Жер мен табиғи ресурстардың халыққа тиесілі екені – тек саяси декларация емес, конституциялық деңгейдегі нақты құқықтық қағида. Бұл – ұлттық байлықтың ел мүддесіне қызмет етуінің кепілі. Білім беру саласы үшін де бұл норма маңызды, өйткені мемлекет ресурстары ең алдымен қоғамдық игілікке бағытталуы тиіс», – деді ол.

Ұжым өкілдері пікір алмасып, сұрақтарына жауап алды.

Өңірлік коалицияның баспасөз қызметі.

Другие новости

Незыблемые ценности страны

Незыблемые ценности страны

Флаг Казахстана был признан пользователями популяр...

  04.06.2026   131
Вершины школьных знаний

Вершины школьных знаний

Выпускники общеобразовательных школ Алматинской об...

  03.06.2026   165
«Железное» хобби, ставшее и призванием, и профессией

«Железное» хобби, ставшее и призванием, и профессией

Наработанный опыт, творческий подход и высококласс...

  03.06.2026   152
Орман қорын ұлғайту-бүгінгі күннің талабы

Орман қорын ұлғайту-бүгінгі күннің талабы

Орман шаруашылығын дамыту және орман қорын ұлғайту...

  03.06.2026   224
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2026. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.