Вторник, 24 Февраля 2026

«ДӘУЛЕТ ЦЕНТР» МЕДИЦИНАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІМЕН ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ ЖОБАСЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

«ДӘУЛЕТ ЦЕНТР» МЕДИЦИНАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІМЕН ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ ЖОБАСЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Боралдай кентіндегі «ДӘУЛЕТ ЦЕНТР» медициналық орталығында  «Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» халықтық коалиция мүшелерінің қатысуымен медицина қызметкерлерімен кездесу өтті.
Кездесу барысында медицина саласының мамандарына жаңа редакциядағы Ата заң жобасының негізгі бағыттары түсіндірілді. Спикерлер Конституциялық реформаның қоғамдағы өзгерістерге жауап ретінде қабылданып отырғанын атап өтті. Әсіресе адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау, заң үстемдігін күшейту және әлеуметтік әділеттілікті қамтамасыз ету мәселелері кеңінен қозғалды.
Айдар Абдрахманов өз сөзінде Конституцияны жаңарту – уақыт талабынан туындаған қадам екенін жеткізді.
– Бұрынғы Конституция өз кезеңінде елдің тұрақтылығын қамтамасыз етті. Алайда бүгінгі қоғамның сұранысы басқа. Жаңа құжат мемлекет пен азамат арасындағы жауапкершілікті нақты айқындап, құқықтық мемлекетті одан әрі нығайтуға бағытталған, – деді ол.
Тлеукен Отыншықызы  референдумның маңыздылығына тоқталып, халықтың шешім қабылдау процесіне тікелей қатысуы демократиялық дамудың басты көрсеткіші екенін айтты.
– Жаңа Конституцияда азаматтардың әлеуметтік кепілдіктері мен құқықтары айқын көрініс тапқан. Бұл – әділетті қоғам құру жолындағы нақты қадам. Референдумға қатысу – әр азаматтың ел болашағына деген жауапкершілігін білдіреді, – деді ол.
Гамзе Гейдаров жаңа жобаның заманауи талаптарға сай әзірленгенін атап өтті. Оның айтуынша, цифрландыру дәуірінде жеке деректерді қорғау, ақпараттық қауіпсіздік мәселелері Конституциялық деңгейде бекітілуі аса маңызды.
Кездесу барысында дәрігерлер мен орта буын медицина қызметкерлері денсаулық сақтау саласына қатысты нормалар, әлеуметтік кепілдіктер және құқықтық қорғаныс мәселелері жөнінде сауалдарын қойып, нақты жауап алды.
Жиын соңында делегация мүшелері медицина қызметкерлерін 15 наурызда өтетін жалпыхалықтық референдумға белсенді қатысуға шақырды. Қатысушылар ел болашағына қатысты маңызды шешімге жауапкершілікпен қарайтындарын білдірді.

Другие новости

МЕДИЦИНА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІМЕН ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ ЖОБАСЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

МЕДИЦИНА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІМЕН ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ ЖОБАСЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

«Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық...

  24.02.2026   97
«ДӘУЛЕТ ЦЕНТР» МЕДИЦИНАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІМЕН ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ ЖОБАСЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

«ДӘУЛЕТ ЦЕНТР» МЕДИЦИНАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІМЕН ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ ЖОБАСЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Боралдай кентіндегі «ДӘУЛЕТ ЦЕНТР» медициналық орт...

  24.02.2026   93
Өмірзақ ауылының орта мектебі ұжымында Конституциялық реформа талқыланды

Өмірзақ ауылының орта мектебі ұжымында Конституциялық реформа талқыланды

Өмірзақ ауылының орта мектебі педагогикалық ұжымым...

  24.02.2026   85
Коалиция мүшелері №31 орта мектеп ұжымымен кездесті

Коалиция мүшелері №31 орта мектеп ұжымымен кездесті

«Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық...

  24.02.2026   91
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2026. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.