Коалиция өкілдері медицина қызметкерлерімен жаңа Конституция жобасын талқылады
Талғар ауданындағы «INTERMEDICAL» медицина орталығының қызметкерлерімен өткен кездесуде Конституциялық реформаның дайындалу кезеңдері туралы ақпарат берілді.
Коалиция мүшелері жоба 130 сарапшыдан тұратын Конституциялық комиссияның қатысуымен әзірленгенін, 10 мыңнан астам ұсыныс қаралғанын және ашық отырыстар өткізілгенін атап өтті.
«Бұл құжат кең қоғамдық талқылаудың нәтижесі. Ұсыныстар жүйеленіп, комиссия деңгейінде қаралды. Сондықтан жаңа Конституция – қоғамның ортақ келісімінің құқықтық көрінісі», – деді коалиция мүшесі Сулейменов Айдын.
Медицина қызметкерлері кездесуге белсенді қатысып, сұрақтарына жауап алды.





