Пятница, 09 Октября 2026

Алматы облысында жаңа Конституцияны қолдауға арналған ауқымды концерт өтті

Алматы облысында жаңа Конституцияны қолдауға арналған ауқымды концерт өтті

Aport Mall West сауда-ойын-сауық орталығында «Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» жалпыұлттық сын қолдауға арналған «Aport  Fest» ауқымды концерті өтті.

Концерт 15 наурызға белгіленген республикалық референдум қарсаңында ұйымдастырылып, жаңа Конституция жобасының маңызы мен азаматтық жауапкершілік тақырыбына арналды. Кеш барысында жаңа өзгерістердің ел дамуы үшін тарихи мәні бар екені айтылып, референдумға қатысу – әр азаматтың ел болашағына қосқан үлесі екені атап өтілді.

«Бүгін осы алаңға жиналған жұрттың бірлігі – елімізге деген шынайы жанашырлықтың белгісі. Жаңа Конституция – Қазақстанды одан әрі әділетті, қуатты әрі мүмкіндігі тең мемлекет етуге бағытталған маңызды қадам. 15 наурызда әрқайсымыз референдумға барып, осы өзгерістерге өз қолдауымызды білдірейік», – деді өңірлік коалицияның жетекшісі Қуат Байғожаев.

Кештің хедлайнері – елге кеңінен танымал «МузАрт Life» тобы. Сонымен қатар сахнада Қазақстанның еңбек сіңірген мәдениет қайраткері, «Құрмет» орденінің иегері Өмірқұл Айниязов, Қажымұрат Шешенқұлұлы, Бағдат Сейт, Әділ Ахметжанов, Балауса Самұрыққызы, Қуаныш Шакиров, Дана Мажитова, Сырым Жазылбек, Азиза Әбілбашар, Ақниет Сейфоллақызы және «Сүйінбай сазы» ансамблі өнер көрсетті.

Сондай-ақ көрермен ерекше ықыласпен қарсы алған танымал орындаушылар – Daro, Хамита Сатаева, KeshYOU және Әбдіжаппар Әлқожа кештің шырайын кіргізді. Танымал хиттер мен жаңа әндер орындалып, көрермендер әндерді қосыла шырқап, бірлік пен ортақ мақсаттың рухын сезінді.

Айта кету керек, масштабты шараға өңірдің жүздеген тұрғыны жиналып, жаңа Конституция жобасына қолдау білдірді. Қатысушылар референдумның маңызын атап өтіп, ел дамуының жаңа кезеңінде белсенді азаматтық ұстаным танытуға дайын екендерін жеткізді.

Другие новости

Алматы облысында жылына 400 тонна балық өндіретін кәсіпорын ашылды

Алматы облысында жылына 400 тонна балық өндіретін кәсіпорын ашылды

Алматы облысының Іле ауданында жылына 400 тонна ба...

  08.10.2026   135
В Алматинской области открыли предприятие по производству 400 тонн рыбы в год

В Алматинской области открыли предприятие по производству 400 тонн рыбы в год

В Илийском районе Алматинской области запущено пре...

  08.10.2026   146
Большая реконструкция ирригации

Большая реконструкция ирригации

Более 125 километров Большого Алматинского канала...

  08.10.2026   137
Финансовая основа государства

Финансовая основа государства

Новая Конституция закрепляет национальную валюту Р...

  08.10.2026   154
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2026. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.