Среда, 25 Февраля 2026

КОАЛИЦИЯ МҮШЕЛЕРІ ЖАҢАТАЛАП ЫҚШАМ АУДАНЫНДАҒЫ №10 ОРТА МЕКТЕПТІҢ ҰЖЫМЫМЕН КЕЗДЕСТІ

КОАЛИЦИЯ МҮШЕЛЕРІ ЖАҢАТАЛАП ЫҚШАМ АУДАНЫНДАҒЫ №10 ОРТА МЕКТЕПТІҢ ҰЖЫМЫМЕН КЕЗДЕСТІ

«Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» коалициясының мүшелері Алатау қаласы Жаңаталап ықшам ауданындағы №10 орта мектептің педагогикалық ұжымымен кездесіп, 15 наурызда өтетін республикалық референдумға шығарылған жаңа Конституция жобасының негізгі ережелерін талқылады.

Кездесу барысында коалиция мүшелері жаңа редакцияда Президент бір реттік жеті жылдық мерзімге сайланатынын және қайта сайлану құқығына ие болмайтынын, өкілеттік кезеңінде саяси партия мүшесі бола алмайтынын атап өтті. Сонымен қатар жақын туыстарының саяси мемлекеттік қызметтерді атқара алмауы биліктің шоғырлануына жол бермейтін құқықтық тосқауыл екені түсіндірілді.

«Жаңа Конституция жобасының басты мақсаты – билікті жеке тұлғаға бейімдеу емес, оны институционалдық тұрғыдан шектеу. Бір реттік жеті жылдық мерзім өзгертілмейтін қағида ретінде бекітіледі. Бұл – биліктің “нөлденуіне” емес, тұрақтылық пен әділеттілікке бағытталған нақты құқықтық шешім. Сонымен қатар, кадрлық шешімдерді Құрылтай келісімімен қабылдау тетігі енгізіліп отыр. Бұл – тепе-теңдік пен жауапкершілік моделінің негізі», – деді коалиция мүшесі Нұрлан Түймелиев.

Ұжым өкілдері референдумның ел дамуы үшін тарихи маңызы бар екенін атап өтті.

Другие новости

АЛАТАУ ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУ ӨТКІЗДІ

АЛАТАУ ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУ ӨТКІЗДІ

Алатау қаласының әкімі Аркен Хамитұлы Өтенов белгі...

  25.02.2026   76
КОАЛИЦИЯ МҮШЕЛЕРІ ЖАҢАТАЛАП ЫҚШАМ АУДАНЫНДАҒЫ №10 ОРТА МЕКТЕПТІҢ ҰЖЫМЫМЕН КЕЗДЕСТІ

КОАЛИЦИЯ МҮШЕЛЕРІ ЖАҢАТАЛАП ЫҚШАМ АУДАНЫНДАҒЫ №10 ОРТА МЕКТЕПТІҢ ҰЖЫМЫМЕН КЕЗДЕСТІ

«Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық...

  25.02.2026   59
«AMANAT» ПАРТИЯСЫ  ІЛЕ  АУДАНДЫҚ  ФИЛИАЛЫНДА  АУДАН  ӘКІМІ   АЗАМАТТАРДЫ  ЖЕКЕ МӘСЕЛЕЛЕРІМЕН  ҚАБЫЛДАДЫ

«AMANAT» ПАРТИЯСЫ ІЛЕ АУДАНДЫҚ ФИЛИАЛЫНДА АУДАН ӘКІМІ АЗАМАТТАРДЫ ЖЕКЕ МӘСЕЛЕЛЕРІМЕН ҚАБЫЛДАДЫ

Бүгін «AMANAT» партиясы  Іле  аудандық &...

  25.02.2026   83
КОАЛИЦИЯ ӨКІЛДЕРІ  «LST AGRO» ЖСШ  ӨНДІРІС ҰЖЫМЫМЕН КЕЗДЕСТІ

КОАЛИЦИЯ ӨКІЛДЕРІ «LST AGRO» ЖСШ ӨНДІРІС ҰЖЫМЫМЕН КЕЗДЕСТІ

«Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық...

  25.02.2026   65
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2026. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.