Суббота, 10 Октября 2026

Коалиция мүшелері Шиен тұрғындарымен кездесті

Коалиция мүшелері Шиен тұрғындарымен кездесті

«Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» жалпыұлттық коалициясының мүшелері Жамбыл ауданындағы Шиен жұртшылығымен кездесу өткізді.

Кездесуде жаңа Конституция жобасындағы меншік пен табиғи ресурстарға қатысты нормалар талқыланды. Атап айтқанда, 8-баптың 3-тармағына сәйкес жер және оның қойнауы, су көздері, өсімдіктер мен жануарлар дүниесі, өзге де табиғи ресурстар халыққа тиесілі екені атап өтілді.

Коалиция мүшесі Сәуле Әлімқұлова бұл норманың маңызын кеңінен түсіндірді.

«Жер – бұл жай экономикалық ресурс емес, ұлттық байлық. Жаңа редакцияда табиғи ресурстардың халыққа тиесілі екені нақты бекітіледі. Бұл – стратегиялық маңызы бар норма. Ол жер мен байлықтың ел мүддесіне қызмет етуін конституциялық деңгейде айқындайды. Ауыл тұрғындары үшін бұл – жер қатынастарының құқықтық негізінің айқын әрі әділетті болуына кепілдік», – деді ол.

Тұрғындар кездесуге белсенді қатысып, өз ұсыныстарын білдірді.

Другие новости

Казахстан вошёл в топ-35 наиболее влиятельных государств мира

Казахстан вошёл в топ-35 наиболее влиятельных государств мира

Казахстан занял 34-е место среди 100 государств в...

  10.10.2026   111
Мандат требует участия

Мандат требует участия

Конституция закрепляет личное голосование депутата...

  10.10.2026   123
Политическая ответственность после выборов

Политическая ответственность после выборов

Новая Конституция связывает депутатский мандат с п...

  10.10.2026   118
Личная территория в цифровом мире

Личная территория в цифровом мире

Приведем в пример одну очень показательную статист...

  10.10.2026   134
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2026. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.