Вторник, 10 Марта 2026

КОАЛИЦИЯ МҮШЕЛЕРІ «RAIMBEK AGRO» ЖШС ҰЖЫМЫМЕН КЕЗДЕСТІ

КОАЛИЦИЯ МҮШЕЛЕРІ «RAIMBEK AGRO» ЖШС ҰЖЫМЫМЕН КЕЗДЕСТІ

«Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» коалициясының мүшелері Өтеген батыр ауылындағы «Raimbek Agro» ЖШС – ның еңбек ұжымымен кездесіп, 2026 жылғы 15 наурызда өтетін республикалық референдумға шығарылған жаңа Конституция жобасының негізгі ережелерін талқылады.

Кездесу барысында коалиция мүшелері жаңа Ата Заңның адамға бағдарланған сипаты, әлеуметтік кепілдіктердің сақталуы, еңбек құқықтары, цифрлық қауіпсіздік және дәстүрлі отбасы құндылықтарын қорғау мәселелеріне тоқталды. Сондай-ақ қатысушылардың сұрақтарына жауап беріп, алдағы референдумның маңыздылығын атап өтті.

«Жаңа Конституция – біздің ортақ болашағымыздың негізі. Әрбір азаматтың референдумға қатысып, дауыс беруі – еліміздің даму жолына қосқан үлесі», – деді коалиция мүшесі Нұрлан Түймелиев.

Ұжым өкілдері жаңа Конституция жобасымен танысып, өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алғандарына алғыстарын айтты.

Жалпыұлттық коалиция ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жалғастырып, еліміздің түкпір-түкпірінде осындай кездесулер өткізуді жоспарлап отыр.

Другие новости

Рысқұлов орта мектебінің ұжымында Конституциялық реформа талқыланды

Рысқұлов орта мектебінің ұжымында Конституциялық реформа талқыланды

Жанашар ауылындағы Т.Рысқұлов атындағы орта мектеп...

  10.03.2026   6
Коалиция мүшелері №21 орта  ұжымымен кездесті

Коалиция мүшелері №21 орта ұжымымен кездесті

«Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық...

  10.03.2026   33
Шоу-матч с участием звезд

Шоу-матч с участием звезд

В преддверии республиканского референдума, при под...

  10.03.2026   54
«Поддержим свое будущее!» Крестьяне за благополучие своих детей

«Поддержим свое будущее!» Крестьяне за благополучие своих детей

Запуск молочной фермы в Казахстане невозможен без...

  10.03.2026   60
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2026. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.