Вторник, 10 Марта 2026

Коалиция өкілдері №7 орта мектеп ұстаздарымен кездесті

Коалиция өкілдері №7 орта мектеп ұстаздарымен кездесті

«Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» коалициясының мүшелері Талғар ауданындағы №7 орта мектеп ұжымымен кездесіп, 15 наурызда өтетін республикалық референдумға шығарылған жаңа Конституция жобасын талқылады.

Кездесу барысында коалиция мүшелері жаңа Ата Заңның ең басты ерекшелігі – адамды, оның өмірі мен құқықтарын мемлекеттің ең жоғары құндылығы ретінде бекіту екенін атап өтті. Бұл қағидат Преамбулада және 1-бапта нақты көрсетілген.

«Білім саласының қызметкерлері үшін жаңа Конституцияда маңызды кепілдіктер қарастырылған. 33-бапта мемлекеттік оқу орындарында ақы төлемей орта білім алуға кепілдік беріледі. Бастауыш және негізгі орта білім міндетті. Бұл – әрбір қазақстандық баланың мектеп табалдырығын аттауына мемлекет кепілдік береді деген сөз», – деді коалиция мүшесі Төлепбергенова Әсел Болатқызы.

Мұғалімдер өз сұрақтарын қойып, толыққанды жауаптар алды. Кездесу соңында ұжым өкілдері референдумға белсене қатысып, ел болашағына өз үлестерін қосатындарын жеткізді.

Другие новости

Коалиция мүшелері Алтынсарин орта мектебінің ұжымымен кездесу өткізді

Коалиция мүшелері Алтынсарин орта мектебінің ұжымымен кездесу өткізді

«Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық...

  10.03.2026   60
Рысқұлов орта мектебінің ұжымында Конституциялық реформа талқыланды

Рысқұлов орта мектебінің ұжымында Конституциялық реформа талқыланды

Жанашар ауылындағы Т.Рысқұлов атындағы орта мектеп...

  10.03.2026   59
Коалиция мүшелері №21 орта  ұжымымен кездесті

Коалиция мүшелері №21 орта ұжымымен кездесті

«Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық...

  10.03.2026   61
Шоу-матч с участием звезд

Шоу-матч с участием звезд

В преддверии республиканского референдума, при под...

  10.03.2026   86
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2026. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.