Вторник, 10 Марта 2026

Коалиция мүшелері Ақбастау орта мектебінің ұжымымен кездесті

Коалиция мүшелері Ақбастау орта мектебінің ұжымымен кездесті

«Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» коалициясының мүшелері Ақбастау алуылындағы Ақбастау орта мектебінің педагогикалық ұжымымен кездесіп, 15 наурызда өтетін республикалық референдумға шығарылған жаңа Конституция жобасының негізгі бағыттарын талқылады.

Кездесу барысында коалиция мүшелері жаңа редакцияда Қазақстанның әлеуметтік мемлекет екені нақты әрі айқын бекітілетінін атап өтті. Азаматтардың заңда белгіленген тәртіппен ақы алынбай медициналық көмек алуға құқығы сақталатыны, әлеуметтік міндеттемелердің конституциялық деңгейде нақтыланатыны түсіндірілді.

«Жаңа Конституция әлеуметтік кепілдіктерді қысқартуға емес, оларды нақты әрі құқықтық тұрғыдан айқындауға бағытталған. Әлеуметтік мемлекет қағидаты – декларация емес, бюджет пен заңнамалық міндеттемелер арқылы қамтамасыз етілетін нақты норма. Бұл – азаматтардың денсаулық сақтау мен білім беру саласындағы құқықтарының сақталуының құқықтық кепілі», – деді коалиция мүшесі Жантасов Бауыржан.

Ұжым өкілдері жаңа Конституция жобасының мазмұнына қатысты пікір білдіріп, референдумға қатысуға ниетті екендерін жеткізді.

Другие новости

Коалиция мүшелері Алтынсарин орта мектебінің ұжымымен кездесу өткізді

Коалиция мүшелері Алтынсарин орта мектебінің ұжымымен кездесу өткізді

«Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық...

  10.03.2026   60
Рысқұлов орта мектебінің ұжымында Конституциялық реформа талқыланды

Рысқұлов орта мектебінің ұжымында Конституциялық реформа талқыланды

Жанашар ауылындағы Т.Рысқұлов атындағы орта мектеп...

  10.03.2026   59
Коалиция мүшелері №21 орта  ұжымымен кездесті

Коалиция мүшелері №21 орта ұжымымен кездесті

«Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық...

  10.03.2026   61
Шоу-матч с участием звезд

Шоу-матч с участием звезд

В преддверии республиканского референдума, при под...

  10.03.2026   86
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2026. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.