Четверг, 12 Марта 2026

Коалиция өкілдері Ұзынағаш ауылындағы Жайлы мектеп №2 орта мектеп ұстаздарымен кездесті

Коалиция өкілдері Ұзынағаш ауылындағы Жайлы мектеп №2 орта мектеп  ұстаздарымен кездесті

«Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» коалициясының мүшелері Ұзынағаш ауылындағы  Ұзынағаш ауылындағы Жайлы мектеп №2 орта мектеп педагогикалық ұжымымен кездесіп, 15 наурызда өтетін республикалық референдумға шығарылған жаңа Конституция жобасын талқылады.
Кездесу барысында коалиция мүшелері жаңа Ата Заңның ең басты ерекшелігі – адамды, оның өмірі мен құқықтарын мемлекеттің ең жоғары құндылығы ретінде бекіту екенін атап өтті. Бұл қағидат Преамбулада және 1-бапта нақты көрсетілген.
«Білім саласының қызметкерлері үшін жаңа Конституцияда маңызды кепілдіктер қарастырылған. 33-бапта мемлекеттік оқу орындарында ақы төлемей орта білім алуға кепілдік беріледі. Бастауыш және негізгі орта білім міндетті. Бұл – әрбір қазақстандық баланың мектеп табалдырығын аттауына мемлекет кепілдік береді деген сөз», – деді коалиция мүшесі Райхан Жаныбекова.
Мұғалімдер өз сұрақтарын қойып, толыққанды жауаптар алды. Кездесу соңында ұжым өкілдері референдумға белсене қатысып, ел болашағына өз үлестерін қосатындарын жеткізді.

Другие новости

Коалиция өкілдері ауыл жұртшылығымен саяси жүйе реформасын талқылады

Коалиция өкілдері ауыл жұртшылығымен саяси жүйе реформасын талқылады

Жамбыл ауданындағы Үлгілі елді мекенінде өткен кез...

  12.03.2026   61
Голос в пользу будущего

Голос в пользу будущего

Политическая модернизация Казахстана находит живой...

  12.03.2026   134
В горах – по ясным правилам

В горах – по ясным правилам

Когда речь заходит о развитии туризма, особенно в...

  12.03.2026   81
Дорога открыта для всех

Дорога открыта для всех

Добрая весть быстро облетела Жамбылский район. 15...

  12.03.2026   76
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2026. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.