Четверг, 12 Марта 2026

Коалиция мүшелері Шорманов атындағы мектеп ұжымымен кездесті

Коалиция мүшелері Шорманов атындағы мектеп ұжымымен кездесті

«Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» коалициясының мүшелері Еңбекшіқазақ ауданы Алмалы ауылындағы И.Шорманов атындағы орта мектептің педагогикалық ұжымымен кездесіп, 15 наурызда өтетін республикалық референдумға шығарылған жаңа Конституция жобасының негізгі бағыттарын талқылады.

Кездесу барысында коалиция мүшелері жаңа редакцияда Қазақстанның әлеуметтік мемлекет екені нақты әрі айқын бекітілетінін атап өтті. Азаматтардың заңда белгіленген тәртіппен ақы алынбай медициналық көмек алуға құқығы сақталатыны, әлеуметтік міндеттемелердің конституциялық деңгейде нақтыланатыны түсіндірілді.

«Жаңа Конституция әлеуметтік кепілдіктерді қысқартуға емес, оларды нақты әрі құқықтық тұрғыдан айқындауға бағытталған. Әлеуметтік мемлекет қағидаты – декларация емес, бюджет пен заңнамалық міндеттемелер арқылы қамтамасыз етілетін нақты норма. Бұл – азаматтардың денсаулық сақтау мен білім беру саласындағы құқықтарының сақталуының құқықтық кепілі», – деді коалиция мүшесі  Смадилов Совет.

Ұжым өкілдері жаңа Конституция жобасының мазмұнына қатысты пікір білдіріп, референдумға қатысуға ниетті екендерін жеткізді.

Другие новости

Коалиция өкілдері ауыл жұртшылығымен саяси жүйе реформасын талқылады

Коалиция өкілдері ауыл жұртшылығымен саяси жүйе реформасын талқылады

Жамбыл ауданындағы Үлгілі елді мекенінде өткен кез...

  12.03.2026   65
Голос в пользу будущего

Голос в пользу будущего

Политическая модернизация Казахстана находит живой...

  12.03.2026   156
В горах – по ясным правилам

В горах – по ясным правилам

Когда речь заходит о развитии туризма, особенно в...

  12.03.2026   89
Дорога открыта для всех

Дорога открыта для всех

Добрая весть быстро облетела Жамбылский район. 15...

  12.03.2026   81
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2026. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.