Среда, 07 Октября 2026

Қырғызсай ауылында өрт сөндіру бекеті пайдалануға берілді

Қырғызсай ауылында өрт сөндіру бекеті пайдалануға берілді

Ұйғыр ауданына қарасты Қырғызсай ауылында тұрғындардың қауіпсіздігін күшейтуге бағытталған жаңа өрт сөндіру бекеті ашылды. «Ауыл құтқарушылары» бағдарламасы аясында жүзеге асқан бұл бастама – ауыл халқының ұйымшылдығы мен туған жерге деген жауапкершілігінің жарқын көрінісі. Елді мекен үшін маңызды саналатын нысан алдағы уақытта төтенше жағдайлардың алдын алып, ауыл тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қызмет етпек.

Жаңа бекет бұрын «Бірлік» өндірістік кооперативіне тиесілі болған ғимаратта орналасты. Кооператив басшылығы нысанды ауыл игілігі үшін демеушілік ретінде ұсынса, жергілікті тұрғындар ортақ іске жұмыла кірісіп, бірнеше айдың ішінде шамамен 4–5 миллион теңге көлемінде қаражат жинады. Нәтижесінде ғимарат толықтай жаңартылып, өрт сөндіру қызметінің талаптарына сай қайта жабдықталды. Осылайша ауыл халқы қауіпсіздік мәселесіне бейжай қарамай, туған жердің игілігі жолында бірлік таныта білді.

Салтанатты шараға Ұйғыр ауданының әкімі Бота Серікқызы Елеусізова, Алматы облысы төтенше жағдайлар департаментінің бастығы, полковник Дәурен Дәулетқанұлы Оразбеков, сондай-ақ ауыл ақсақалдары мен тұрғындар қатысты. Қонақтар жиналған жұртшылықты жаңа нысанның ашылуымен құттықтап, мұндай игі бастамалар ел ішіндегі ынтымақ пен бірліктің нақты көрінісі екенін атап өтті.

Аудан әкімі өз сөзінде бұл жоба мемлекеттік қаржыландырусыз, ауыл азаматтарының өз күштері мен қолдауының арқасында жүзеге асқанын ерекше атап өтіп, мұндай бастамалардың басқа ауылдарға да үлгі боларлық игі тәжірибе екенін жеткізді.

Шара барысында облыстық төтенше жағдайлар департаментінің бастығы ауыл әкімі Жәнібек Айғожаевқа жаңа өрт сөндіру көлігінің кілтін табыстады. Жаңадан ашылған бекет Қырғызсай ауылымен қатар, маңайдағы бірнеше елді мекеннің өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар бұл нысан ауылдың алты тұрғынын тұрақты жұмыспен қамтып отыр.

Салтанатты рәсімде жаңа бекеттің лентасы қиылып, ауыл аналары дәстүрге сай шашу шашты. Қонақтар мен тұрғындар жаңа нысанды аралап көріп, ел игілігі жолында жүзеге асқан маңызды істің куәсі болды. Қауіпсіздікке бағытталған бұл бастама – ауыл өмірінің тұрақтылығы мен тұрғындардың тыныс-тіршілігін қорғауға арналған маңызды қадам.

Другие новости

От атома к лекарству: как в Алматы производят медицинские радиоизотопы

От атома к лекарству: как в Алматы производят медицинские радиоизотопы

От энергии разрушения - к спасению жизней. Трудно...

  07.10.2026   87
Как обычные законы физики работают в АЭС при совсем необычных температурах и давлениях

Как обычные законы физики работают в АЭС при совсем необычных температурах и давлениях

Мади Азбергенов объяснил, как вырабатывается элект...

  07.10.2026   80
Строительство АЭС в Казахстане будут контролировать на всех этапах

Строительство АЭС в Казахстане будут контролировать на всех этапах

Строительство атомной электростанции в Казахстане...

  07.10.2026   85
От проблемы к ее решению

От проблемы к ее решению

Для жительницы областного центра Салтанат Жумабай...

  07.10.2026   76
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2026. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.