Воскресенье, 01 Ноября 2026

Баспана бақыты: Алматы облысында тұрғындарға пәтер кілттері табысталды

Баспана бақыты: Алматы облысында тұрғындарға пәтер кілттері табысталды

Бүгін Алматы облысының Талғар ауданында тұрғын үй кезегінде тұрған 25 азамат баспана бақытына кенелді. Пәтер кілттері әлеуметтік осал топ санатына жататын жандарға табысталды, – деп хабарлайды Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Салтанатты шараға облыс әкімі Марат Сұлтанғазиев қатысып, тұрғындарды қоныстоймен құттықтады.

«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев халықты баспанамен қамту мәселесін әрдайым негізгі міндеттердің бірі ретінде атап көрсетеді. Осы бағытта өткен жылы 27,5 млрд теңгеге 1700 үй сатып алынды. Оның 1500-і әлеуметтік осал топтағы азаматтарға, 200-і жалпы кезекте тұрғандарға берілді. Сондай-ақ биыл 42 млрд теңгеге 2361 пәтер сатып алуға ұсыныс беріліп, қаражат бөлінді. Бұл үйлер биыл ел игілігіне беріледі. Одан бөлек жергілікті бюджет есебінен 80,6 мың шаршы метрді құрайтын 1018 пәтерлі 20 тұрғын үйдің құрылысы жүріп жатыр. Бұл азаматтарға жеңілдетілген несиеге беріледі. Мұның барлығы – нақты атқарылған істің нәтижесі. Әрбір азаматтың өмір сүру сапасын жақсарту мен әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту жұмыстары алдағы уақытта жалғасын табады», – деді Марат Елеусізұлы.

Баспаналы болғандардың бірі – көпбалалы ана Мая Оспанова. «Бүгін біздің отбасымыз үшін бақытты күн. 11 жыл бойы кезекте тұрып, өз үйіміздің кілтін алып отырмыз. Балаларымның кең әрі жайлы үйде өсетініне өте қуаныштымын. Осындай көмек көрсеткен әкімдікке алғысым шексіз. Игі істер жалғасын таба берсін деп тілеймін», – деді тұрғын.

Бүгінде облыс бойынша тұрғын үй кезегіне 70 мыңға жуық адам тіркелген. Оның ішінде 21 510 адам әлеуметтік осал топ санатына жатады. Ал Талғар ауданында 14 мыңнан астам тұрғын баспана кезегінде тұр. Оның ішінде 7000-нан астамы – әлеуметтік осал топ санатындағы азаматтар. Соңғы екі жылда осы ауданда 459 пәтер сатып алынды. Баспаналар кезең-кезеңімен көпбалалы отбасыларға, балалар үйі түлектері мен ерекше қамқорлықты қажет ететін жандарға үлестірілуде.

Алматы облысында халықты баспанамен қамту бағытындағы жұмыстар алдағы уақытта да жүйелі түрде жалғасады.

Другие новости

Новый павильон для местных производителей

Новый павильон для местных производителей

В городе Қонаев начал работу новый торговый павиль...

  31.10.2026   133
ДДСҰ басшысы Тоқаевтың медицина қызметкерлерін қолдау саясатына ризашылығын білдірді

ДДСҰ басшысы Тоқаевтың медицина қызметкерлерін қолдау саясатына ризашылығын білдірді

Тедрос Аданом Гебрейесус 77 мың медицина қызметкер...

  31.10.2026   113
Глава ВОЗ высоко оценил вклад Токаева в реализацию концепции «Здоровье для всех»

Глава ВОЗ высоко оценил вклад Токаева в реализацию концепции «Здоровье для всех»

Тедрос Аданом Гебреисус отметил решение повысить з...

  31.10.2026   111
Образованное поколение

Образованное поколение

В своем Послании народу Казахстана «Актуальные зад...

  31.10.2026   111
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2026. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.