Понедельник, 28 Сентября 2026

103 жастағы ардагердің жанарында — тұтас бір дәуірдің ізі бар

103 жастағы ардагердің жанарында — тұтас бір дәуірдің ізі бар

Бүгін Алматы облысының әкімі Іле ауданына арнайы келіп, Ұлы Отан соғысының ардагері Тәңірберген Толғанбаевқа Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың құттықтауын жеткізді.

Ғасыр жасаған майдангердің өмір жолы — тұтас ел тарихымен сабақтас.

Тәңірберген Толғанбаев 1923 жылы 1 мамырда Алматы облысы Ақсу ауданында дүниеге келген. 1942 жылы әскер қатарына шақырылып, Армениядағы арнайы дайындықтан кейін шекара қызметінде еңбек етті. Сталинград азат етілгеннен кейін теміржол бойындағы стратегиялық аймақта әскери міндетін жалғастырды.

Соғыстан кейін бейбіт өмірге араласып, құқық қорғау саласында ұзақ жыл абыройлы қызмет атқарды. Аудандық ішкі істер бөлімінен бастап, Жамбыл аудандық ішкі істер бөлімінің басшысы, Іле ауданында прокурорлық қызметтерде болды.

Өмірін ел қауіпсіздігі мен заң саласына арнаған ардагер ондаған мемлекеттік марапаттар мен мерейтойлық медальдардың иегері. Олардың қатарында ІІ дәрежелі Отан соғысы ордені, «Маршал Жуков» белгісі және КСРО ІІМ-нің үздік қызмет марапаттары бар.
Бүгінгі кездесу — бір адамның тағдырын емес, бүтін бір ұрпақтың ерлігіне көрсетілген құрмет.

Майдангердің өнегелі ғұмыры — елге қызмет етудің, антына адал болудың және Отанға деген шексіз сүйіспеншіліктің символы.

Другие новости

Доход в 215 млн тенге: продукция из Алматинской области пользовалась высоким спросом на ярмарке в столице

Доход в 215 млн тенге: продукция из Алматинской области пользовалась высоким спросом на ярмарке в столице

Сельхозтоваропроизводители Алматинской области по...

  27.09.2026   100
Указом Главы государства Косанов Даурен Жуматаевич освобожден от должности Министра обороны Республики Казахстан.

Указом Главы государства Косанов Даурен Жуматаевич освобожден от должности Министра обороны Республики Казахстан.

Мемлекет басшысының Жарлығымен Дәурен Жұматайұлы Қ...

  27.09.2026   114
Указом Главы государства за мужество и самоотверженность, проявленные при исполнении воинского долга, медалью «Ерлігі үшін» награждены

Указом Главы государства за мужество и самоотверженность, проявленные при исполнении воинского долга, медалью «Ерлігі үшін» награждены

Мемлекет басшысының Жарлығымен (https://www.akorda...

  27.09.2026   130
Глава государства принял министра обороны Айдоса Мырзахметова

Глава государства принял министра обороны Айдоса Мырзахметова

В ходе встречи Президент Касым-Жомарт Токаев дал к...

  27.09.2026   147
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2026. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.