Понедельник, 28 Сентября 2026

Әсем Орынбайдың алтын оғы

Әсем Орынбайдың алтын оғы

Осы күндері Александр Асанов атындағы ату клубының базасында өтіп жатқан стенд атудан Әлем кубогындағы жарқын жеңісінен кейін Алматы облысының мақтанышы, дарынды спортшы Әсем Орынбайға өңір меценаттары қытайлық Li Auto (Lixiang) маркалы жаңа автокөліктің кілтін табыстады. Салтанатты марапаттау рәсіміне Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев қатысты.

Әсемнің жоғары жетістігі бүкіл өңір үшін үлкен мақтанышқа айналды. Спортшының басты жетістігі әйелдер арасындағы «скит» бағдарламасында алтын медаль жеңіп алуы болды. Финалда Әсем Орынбай 33 нысананы дәл көздеп, бірінші орынды иеленіп қана қоймай, әлем рекордын қайталады.

Іріктеу кезеңінде 118 ұпай жинаған қазақстандық спортшы финалға жетінші орынмен шыққанымен, шешуші сында мінсіз мергендігімен көзге түсіп, әлемнің ең мықты спортшыларын артта қалдырды.

Автокөлік табыстау рәсімінде чемпионның атына көптеген жылы лебіздер айтылды. Спорт қауымдастығының өкілдері мен меценаттар Әсем Орынбайдың жеңісі — көп жылғы еңбек, тәртіп пен спортқа деген адалдықтың нәтижесі екенін атап өтті.

Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев Әсемнің жетістігі жас ұрпаққа үлкен мотивация беріп, отансүйгіштік пен мақсатқа ұмтылудың жарқын үлгісі екенін айтты. Сондай-ақ, өңірде талантты спортшыларға қолдау көрсету жалғасып, олардың жаңа жеңістерге жетуі үшін барлық жағдай жасалатынын жеткізді.

Өз кезегінде Әсем Орынбай Алматы облысының басшылығына және барлық жанкүйерлерге қолдау көрсеткендері үшін алғысын білдірді. Ол туған жерде өткен Әлем кубогындағы жеңістің өзі үшін ерекше маңызға ие екенін айтып, жерлестерінің құрметі мен ықыласы алдағы уақытта да үлкен жігер беретінін атап өтті.

Бүгінде Әсем Орынбай Қазақстандағы ғана емес, әлемдегі ең мықты стенд атушылардың бірі саналады. Оның Әлем кубогындағы жеңісі мен әлем рекордын қайталауы — отандық мергендік мектебінің жоғары деңгейін және қазақстандық спортшылардың халықаралық аренадағы беделінің артып келе жатқанын дәлелдеді.

Другие новости

Доход в 215 млн тенге: продукция из Алматинской области пользовалась высоким спросом на ярмарке в столице

Доход в 215 млн тенге: продукция из Алматинской области пользовалась высоким спросом на ярмарке в столице

Сельхозтоваропроизводители Алматинской области по...

  27.09.2026   100
Указом Главы государства Косанов Даурен Жуматаевич освобожден от должности Министра обороны Республики Казахстан.

Указом Главы государства Косанов Даурен Жуматаевич освобожден от должности Министра обороны Республики Казахстан.

Мемлекет басшысының Жарлығымен Дәурен Жұматайұлы Қ...

  27.09.2026   115
Указом Главы государства за мужество и самоотверженность, проявленные при исполнении воинского долга, медалью «Ерлігі үшін» награждены

Указом Главы государства за мужество и самоотверженность, проявленные при исполнении воинского долга, медалью «Ерлігі үшін» награждены

Мемлекет басшысының Жарлығымен (https://www.akorda...

  27.09.2026   131
Глава государства принял министра обороны Айдоса Мырзахметова

Глава государства принял министра обороны Айдоса Мырзахметова

В ходе встречи Президент Касым-Жомарт Токаев дал к...

  27.09.2026   148
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2026. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.