Понедельник, 05 Октября 2026

Алматы облысының әкімі Үкімет басшысына «Таза Қазақстан» тұжырымдамасы аясында атқарылған жұмыстарды баяндады

Алматы облысының әкімі Үкімет басшысына «Таза Қазақстан» тұжырымдамасы аясында атқарылған жұмыстарды баяндады

Бүгін Премьер-Министр Олжас Бектенов Президенттің «Таза Қазақстан» бастамасын жүзеге асыру бойынша отырыс өткізді. Жиынға Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев те қатысып, өңірде экологиялық бағдарлама аясында атқарылған жұмыстарды баяндады, – деп хабарлайды Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Өңірде 2024-2029 жылдарға арналған «Таза Қазақстан» тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары бекітілген. Аймақ басшысының айтуынша, жыл басынан бері «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясындағы іс-шараларға 271,1 мың адам қатысып, 6,4 мың тонна қоқыс жиналған. Облыстағы жалпы 8,8 мың кәсіпорын мен бизнес субъектілері үшін өз аумақтарын күтіп ұстау және тазарту жұмыстары бойынша кесте бекітіліп, тиісті жұмыстар жүргізілуде.

– «Тазалық күндері» деп жарияланған мерекелік демалыс күндері өңірдегі демалыс орындарында, саябақтар мен аулаларда 70 мың адамның қатысуымен тазалық жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде 1,4 мың тонна қоқыс жиналып, 20 мың түп ағаш көшеті отырғызылды. Сондай-ақ акциялар аясында 98,1 мың түп ағаш егілді. Бұл ретте, жыл сайын қарағаш тұқымдарын жинау жұмыстары қолға алынған. Биыл 15 тонна тұқым жиналып, елді мекендерде отырғызу кезеңі басталды, – деді Марат Елеусізұлы. Сондай-ақ облыс басшысы экопарк құру жұмыстарына да тоқталды.

Айтуынша, бүгінде облыс аумағында 69,5 мың гектар аумақты қамтитын 20 экопарк жұмыс істейді. Биыл аумағы 10 гектарды құрайтын «Барыс», сондай-ақ жеке инвестициялар есебінен 8,5 гектар жерге «Aykan Resort» және аумағы 5,5 гектар болатын «Tal Resort» экопарктері пайдалануға берілмек. Бұдан бөлек, 2027 жылы 4 гектар аумақты қамтитын «Көшпенділер» экопаркін іске қосу жоспарлануда.

Облыс әкімінің мәлімдеуінше, тұрғындар арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыру және тазалықты сақтау үшін медиажоспар бекітілген. 2026 жылдың басынан әлеуметтік желілер мен БАҚ беттерінде жалпы 8,5 мыңнан аса ақпарат жарияланып, 129 баннер орнатылған. Сонымен қатар экологиялық білім беруді дамыту мақсатында бір мезетте өңірдегі 439 мектептің 360 мыңнан астам оқушысы «Болашақты бірге отырғызайық» акциясына қатысып, ағаш тұқымдарын септі. Бұл үрдіс жыл сайын дәстүрге айналып, үшінші жыл қатарынан өткізілді. Қазіргі таңда себілген тұқымның 60 пайыздан астамы өніп шығып, мектеп аулаларына отырғызылды.

– Экологиялық волонтерлікті дамыту және жастарды қоғамдық бастамаларға тарту бойынша жүйелі жұмыс жүргізілуде. Жыл басынан бері 8 мыңнан астам жастың қатысуымен 120-дан аса экологиялық іс-шара өткізілді. Бұдан бөлек, биыл мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс бойынша «Ауыл айнасы» байқауын өткізу жоспарлануда. Тұрғындармен тұрақты кері байланыс орнатылып, бүгінде телеграм-ботқа 1446 өтініш түссе, оның 1177-сі орындалды, 263-і қайтарылды, 6 өтініш – орындалу сатысында, – деді Марат Сұлтанғазиев. Сондай-ақ инфрақұрылымды жақсарту, абаттандыру бағытында атқарылған жұмыстар жайын да баяндады. Мәселен, өткен жылы «Freedom Holding» компаниясының жеке қаражаты есебінен Қонаев қаласындағы №5 жағажайдың 1 шақырым аумағында абаттандыру жұмыстары жүргізілген. Сондай-ақ №6 және №7 коммуналдық жағажайлары және Қаскелең өзенінің бойында абаттандыру ісі қолға алынған. Биыл Кеген ауданындағы «Көлсай көлдері» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінде, Райымбек ауданындағы «Тас Төбе» жотасы және «Тұзкөл» көлінде абаттандыру жұмыстарын жүргізу жоспарлануда.
Марат Сұлтанғазиев қалдықтарды сұрыптау және қайта өңдеу бағытындағы инвестициялық жобаларды да таныстырды.

Өңірдегі «Kaz Rez» компаниясы – шина қалдықтарын толық цикл бойынша өңдейтін кәсіпорын. Жылына 30 мың тонна қалдықты өңдеуге қауқарлы. Кәсіпорын өндіріс көлемін ұлғайтып, технологиялық мүмкіндіктерін кеңейтуді жоспарлауда. Бұдан бөлек, Еңбекшіқазақ ауданында «Гуандун Сучунь» компаниясы қоқыс өңдеу зауытының құрылыс жұмыстарын жүргізуде. 2026 жылдың соңында іске қосылады. Сондай-ақ Қарасай ауданы Әйтей ауылында «Kaz Waste Conversion» компаниясы қалдықтарды сұрыптау және қайта өңдеу зауытының құрылысын бастады. Сонымен қатар Іле ауданындағы «Food Waste» компаниясы тағам қалдықтарын өңдейтін кешен салуды көздеуде. Осы жылдың соңында іске қосылады деп жоспарланған.

Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі

Другие новости

Великие имена в большой истории

Великие имена в большой истории

180-летие Жамбыла Жабаева стало большим культурным...

  05.10.2026   84
Лучшему учителю — новый автомобиль: в Алматинской области почтили заслуженных педагогов

Лучшему учителю — новый автомобиль: в Алматинской области почтили заслуженных педагогов

Алматинской области отметили День учителя и чество...

  05.10.2026   88
Касым-Жомарт Токаев поручил Комиссии совместно с новым руководством Министерства обороны выработать конкретные предложения по устранению выявленных недостатков

Касым-Жомарт Токаев поручил Комиссии совместно с новым руководством Министерства обороны выработать конкретные предложения по устранению выявленных недостатков

Результаты проверки должны быть учтены при подгото...

  05.10.2026   102
Глава государства заслушал первые итоги работы Комиссии по проверке Министерства обороны

Глава государства заслушал первые итоги работы Комиссии по проверке Министерства обороны

Президент Касым-Жомарт Токаев провел совещание с ч...

  05.10.2026   100
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2026. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.