Пятница, 21 Августа 2026

БАКУ ТҮРКОЛОГИЯ ҚҰРЫЛТАЙЫНЫҢ 100 ЖЫЛДЫҒЫ АЯСЫНДА АЛМАТЫДА ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ІС-ШАРАЛАР ҰЙЫМДАСТЫРЫЛАДЫ

БАКУ ТҮРКОЛОГИЯ ҚҰРЫЛТАЙЫНЫҢ 100 ЖЫЛДЫҒЫ АЯСЫНДА АЛМАТЫДА ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ІС-ШАРАЛАР ҰЙЫМДАСТЫРЫЛАДЫ

2026 жылғы 22 мамырда Алматы қаласында Бірінші Баку түркология құрылтайының 100 жылдығына арналған халықаралық ғылыми-мәдени іс-шаралар өтеді. Ұйымдастырушы – Түркі мәдениеті және мұрасы қоры.
Түркі мәдениеті және мұрасы қоры – соңғы жылдары түркі халықтарының ортақ тарихи мұрасын халықаралық деңгейде жүйелі түрде насихаттап, түркі интеграциясын мәдени бағытта күшейтуге үлкен үлес қосып жүрген жетекші ұйымдардың бірі.
Баку түркология құрылтайының 100 жылдығы аясында ҚР Ұлттық орталық музейінде «1926/2026: Бірінші Баку түркология құрылтайының 100 жылдығы» атты халықаралық көрме өтеді. Экспозицияда бұрын көпшілікке ұсынылмаған сирек архив құжаттары, фотосуреттер мен тарихи материалдар таныстырылады.
Сондай-ақ ҚР Ұлттық кітапханасында әзербайжандық ғалымдардың «Бірінші түркологиялық құрылтай» атты ғылыми еңбегі мен тарихи бейнедеректер шежіресінің тұсаукесері өтеді.
Түркі мәдениеті және мұрасы қоры ұйымдастырып отырған іс-шараның басты мақсаты – түркі халықтарының ортақ тарихи жадын жаңғырту, өзара ғылыми байланысты нығайту және ХХ ғасыр басындағы түркология мұрасын жаңа буынға таныстыру.
Түркі халықтарының ғылыми жадына арналған тарихи дата – «1926 жылғы Баку түркология құрылтайы» түркі әлемінің ғылымы, әліпбиі, тілі мен мәдениетін дамытудағы ең ірі тарихи оқиғалардың бірі болды. Құрылтай жұмысына Ахмет Байтұрсынов, Нәзір Төреқұлов, Елдес Омаров секілді қазақ зиялылары қатысып, қазақ тіл білімінің дамуына негіз қалаған.
100 жылдан кейінгі кездесуде Әзербайжан, Қазақстан, Қырғызстан, Түркия, Өзбекстан, Түрікменстан, АҚШ, Оңтүстік Корея және Солтүстік Кипрден келген белгілі ғалымдар баяндама жасап, Түркі мемлекеттері ұйымы, TÜRKSOY, Халықаралық Түркі академиясы,  Түрік тілі қоғамдастығы сынды халықаралық ұйымдардың жетекшілері қатысады.
Іс-шаралар ҚР Ұлттық орталық музейі және ҚР Ұлттық кітапханасында өтеді.
Өтетін күні: 22 мамыр 2026 жыл.

Другие новости

Эксперты Sarap обсудили промежуточные итоги избирательной кампании

Эксперты Sarap обсудили промежуточные итоги избирательной кампании

20 августа 2026 года в городе Актобе Казахстанский...

  20.08.2026   99
Саяси күштердің көшбасшылары «Басты дебат – 2026» алаңында кездесті

Саяси күштердің көшбасшылары «Басты дебат – 2026» алаңында кездесті

Құрылтай сайлауына санаулы күн қалды. 19 тамызда п...

  20.08.2026   112
Лидеры политических сил встретились на «Главных дебатах - 2026»

Лидеры политических сил встретились на «Главных дебатах - 2026»

До выборов в Курултай остаются считанные дни, и 19...

  20.08.2026   112
Работа на благо региона

Работа на благо региона

Утро на 6-м городском пляже г. Қонаев выдалось ожи...

  20.08.2026   156
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2026. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.