Вторник, 06 Октября 2026

75 ЖЫЛ ШЕПТЕ — 75 ЖЫЛ ЕЛ ҚАУІПСІЗДІГІ ҮШІН ҚЫЗМЕТ

75 ЖЫЛ ШЕПТЕ — 75 ЖЫЛ ЕЛ ҚАУІПСІЗДІГІ ҮШІН ҚЫЗМЕТ

Іле ауданында Қазақстан Республикасы ҰҚК Шекара академиясы полигонының 75 жылдығына арналған салтанатты іс-шара өтті. Байкент ауылдық мәдениет үйінде ұйымдастырылған мерейтойда шекара қызметінің ардагерлері, әскери қызметшілер, сала мамандары мен қонақтар бас қосты.

Салтанатты жиында Іле ауданының әкімі Қайыржан Жақсымбетов шекара қызметінің ел қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі маңызын атап өтті.

— «Шекара — мемлекеттің айбыны мен тұтастығының кепілі. 75 жыл ішінде бұл полигоннан елге адал қызмет ететін талай кәсіби маман даярланды. Сіздердің тәртіп пен Отанға деген адалдыққа негізделген еңбектеріңіз — кейінгі буынға үлгі. Мемлекет қауіпсіздігі жолындағы қызметтеріңіз үшін баршаңызға алғыс білдіремін», — деді аудан басшысы.

Іс-шара барысында ұлттық қауіпсіздік пен Отан алдындағы борышын адал атқарған бірқатар әскери қызметшілер мен қызметкерлер Іле ауданы әкімінің Алғыс хатымен марапатталды.

Мерейтой аясында патриоттық әндер шырқалып, Шекара академиясының оркестрі мен аудан өнерпаздары арнайы концерттік бағдарлама ұсынды. Кеш барысында әскери қызметтің мәртебесі, шекара шебіндегі жауапкершілік пен елге қызмет ету құндылығы кеңінен насихатталды.

Ел тыныштығы мен шекара қауіпсіздігі жолында қызмет етіп жүрген барлық мамандарға құрмет!

Другие новости

Великие имена в большой истории

Великие имена в большой истории

180-летие Жамбыла Жабаева стало большим культурным...

  05.10.2026   121
Лучшему учителю — новый автомобиль: в Алматинской области почтили заслуженных педагогов

Лучшему учителю — новый автомобиль: в Алматинской области почтили заслуженных педагогов

Алматинской области отметили День учителя и чество...

  05.10.2026   123
Касым-Жомарт Токаев поручил Комиссии совместно с новым руководством Министерства обороны выработать конкретные предложения по устранению выявленных недостатков

Касым-Жомарт Токаев поручил Комиссии совместно с новым руководством Министерства обороны выработать конкретные предложения по устранению выявленных недостатков

Результаты проверки должны быть учтены при подгото...

  05.10.2026   128
Глава государства заслушал первые итоги работы Комиссии по проверке Министерства обороны

Глава государства заслушал первые итоги работы Комиссии по проверке Министерства обороны

Президент Касым-Жомарт Токаев провел совещание с ч...

  05.10.2026   127
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2026. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.