Среда, 07 Октября 2026

Қолжетімді орта – баршаға ортақ мүмкіндік

Қолжетімді орта – баршаға ортақ мүмкіндік

Мүгедектігі бар адамдар үшін әлеуметтік, көлік және инженерлік инфрақұрылым объектілерінің қолжетімділігін қамтамасыз ету мемлекеттік саясаттың маңызды бағыттарының бірі.
Негізгі мақсат – әрбір азаматтың денсаулық жағдайына қарамастан мемлекеттік қызметтерді, білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет және спорт нысандарын кедергісіз пайдалануына жағдай жасау. Бұл жайында Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің  Алматы облысы бойынша департаментінің басшысы Айдынжан Нарматов баспасөз мәслихаты барысында айтты. 
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі «Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау» ақпараттық порталын іске қосты. Порталдағы Интерактивті қолжетімділік картасы еліміздегі әлеуметтік инфрақұрылым объектілерінің мүгедектігі бар адамдар үшін қолжетімділік деңгейі туралы ақпарат береді.
«Бүгінде картада республика бойынша 43 мыңға жуық әлеуметтік нысан туралы мәлімет орналастырылған. Оның ішінде 30 мыңнан астам объекті бейімделген, бұл жалпы нысандардың 71 пайызын құрайды. 2026 жылдың соңына дейін бұл көрсеткішті 80 пайызға жеткізу жоспарланған»,-деді спикер.
Карта арқылы азаматтар мектептер, ауруханалар, мемлекеттік мекемелер, дүкендер, көлік нысандары және басқа да объектілердің қолжетімділік деңгейін көре алады. Объектілердің қолжетімділігі кіреберіс тобы, қозғалыс жолдары, қызмет көрсету аймағы, санитарлық-тұрмыстық үй-жайлар, ақпараттық құралдар және аумақтың жай-күйі бойынша бағаланады.
Қолжетімді орта қалыптастыру – тек заң талаптарын орындау емес, бұл әрбір азаматтың қоғам өміріне толыққанды қатысуына, білім алуына, еңбек етуіне және қажетті қызметтерді тең дәрежеде пайдалануына мүмкіндік жасау.

Другие новости

Новый этап большого производства

Новый этап большого производства

В Уйгурском районе состоялось знаковое событие для...

  07.10.2026   127
От атома к лекарству: как в Алматы производят медицинские радиоизотопы

От атома к лекарству: как в Алматы производят медицинские радиоизотопы

От энергии разрушения - к спасению жизней. Трудно...

  07.10.2026   98
Как обычные законы физики работают в АЭС при совсем необычных температурах и давлениях

Как обычные законы физики работают в АЭС при совсем необычных температурах и давлениях

Мади Азбергенов объяснил, как вырабатывается элект...

  07.10.2026   89
Строительство АЭС в Казахстане будут контролировать на всех этапах

Строительство АЭС в Казахстане будут контролировать на всех этапах

Строительство атомной электростанции в Казахстане...

  07.10.2026   92
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2026. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.