Среда, 07 Октября 2026

ҚР ІІМ ЕСКЕРТЕДІ!

ҚР ІІМ ЕСКЕРТЕДІ!

Құрметті ата-аналар!

Қылмыскерлердің балаларыңызды «оңай ақша табасың» деген жалған уәделерімен алдауына жол бермеңіздер.

Бүгінде жасөспірімдер мен жастарды әлеуметтік желілер мен мессенджерлер арқылы есірткінің заңсыз айналымына тарту әрекеттері жиілеп кетті. Бір ғана ойланбай қабылданған шешім ұзақ жылдарға бас бостандығынан айырылуға әкелуі мүмкін.

Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес есірткі құралдарын таратуға қатысқаны үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылған:

қылмыс алғаш рет жасалған жағдайда — 5 жылдан 8 жылға дейін бас бостандығынан айыру;

қылмыс адамдар тобы арқылы немесе интернет пен мессенджерлерді пайдалану арқылы жасалған жағдайда — 10 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айыру;

ұйымдасқан қылмыстық топ құрамында аса ауыр қылмыс жасағаны үшін — 20 жылға дейін бас бостандығынан айыру немесе өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасы.

Балаларыңызбен ашық сөйлесіңіздер.
Олардың интернеттегі қарым-қатынасына қызығушылық танытыңыздар.
«Жылдам ақша табу» туралы күмәнді ұсыныстарға ерекше назар аударыңыздар.

Бүгінгі бірнеше минуттық шынайы әңгіме ертең балаңыздың болашағын сақтап қалуы мүмкін.

Балаларыңызды қорғаңыздар. Олардың өмірі мен бостандығы – баға жетпес құндылық.

Другие новости

Новый этап большого производства

Новый этап большого производства

В Уйгурском районе состоялось знаковое событие для...

  07.10.2026   96
От атома к лекарству: как в Алматы производят медицинские радиоизотопы

От атома к лекарству: как в Алматы производят медицинские радиоизотопы

От энергии разрушения - к спасению жизней. Трудно...

  07.10.2026   95
Как обычные законы физики работают в АЭС при совсем необычных температурах и давлениях

Как обычные законы физики работают в АЭС при совсем необычных температурах и давлениях

Мади Азбергенов объяснил, как вырабатывается элект...

  07.10.2026   87
Строительство АЭС в Казахстане будут контролировать на всех этапах

Строительство АЭС в Казахстане будут контролировать на всех этапах

Строительство атомной электростанции в Казахстане...

  07.10.2026   91
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2026. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.