Суббота, 10 Октября 2026

Алматы облысында тұтынушылардың өтініштері 2,6 есеге артты

Алматы облысында тұтынушылардың өтініштері 2,6 есеге артты

2026 жылдың алғашқы бес айында  Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Алматы облысы бойынша Сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментіне азаматтардан 1663 өтініш келіп түсті. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 2,6 есеге көп. Бұл көрсеткіш азаматтардың өз құқықтарын қорғауға деген белсенділігінің артқанын және заңнамамен көзделген қорғау тетіктерін тиімді пайдалана бастағанын көрсетеді, деп мәлімдеді департамент басшысының орынбасары Ермек Әбікенов баспасөз мәслихатында. 
Өтініштердің басым бөлігі электрондық сауда, тұрмыстық қызмет көрсету, білім беру, коммуналдық және медициналық қызметтер саласына қатысты болды. Әрбір өтініш Департаменттің құзыреті шегінде жеке қаралып, қажетті шаралар қабылдануда.
Есепті кезеңнің қорытындысы бойынша:
•    70 жоспардан тыс тексеру жүргізілді;
•    2 миллион теңгеден астам сомаға әкімшілік айыппұл салынды;
•    тұтынушыларға 42,4 миллион теңгеден астам қаражат қайтарылды.
«Департамент дауларды сотқа дейінгі тәртіппен реттеуге ерекше назар аударады. Нәтижесінде көптеген даулар сотқа жеткізілмей шешіліп, азаматтардың бұзылған құқықтары жедел қалпына келтірілуде. Бұл өз кезегінде әлеуметтік шиеленісті төмендетуге ықпал етеді»,-деп айтты спикер.
Бақылау жұмыстарымен қатар халық арасында кең көлемді ақпараттық-түсіндіру іс-шаралары тұрақты түрде жүргізілуде. Бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік желілер арқылы тұтынушылардың құқықтары, оларды қорғау тәртібі, сондай-ақ интернет арқылы сауда жасау кезінде сақтық шаралары жөнінде түсіндіру жұмыстары ұйымдастырылуда.
Сонымен қатар интернет-алаяқтықтың алдын алу және тұрғындардың құқықтық сауаттылығын арттыру мәселелеріне ерекше көңіл бөлінуде.
Өтініштерді талдау нәтижелері кәсіпкерлік субъектілерінің тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы заңнама талаптарын сақтау жауапкершілігін одан әрі күшейту қажеттігін көрсетіп отыр.
Алдағы уақытта Алматы облысы бойынша Сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті азаматтардың заңды құқықтары мен мүдделерін қорғау, тұтыну нарығындағы заңдылықты қамтамасыз ету және халықтың құқықтық мәдениетін арттыру бағытындағы жұмыстарын жалғастырады.

Другие новости

Первый заместитель Премьер-министра Нурлыбек Налибаев ознакомился с реализацией крупных проектов в Алматы и Алматинской области

Первый заместитель Премьер-министра Нурлыбек Налибаев ознакомился с реализацией крупных проектов в Алматы и Алматинской области

Первый заместитель Премьер-министра Нурлыбек Налиб...

  09.10.2026   126
Политическая ответственность после выборов

Политическая ответственность после выборов

Новая Конституция связывает депутатский мандат с п...

  09.10.2026   126
Курултай и личная ответственность

Курултай и личная ответственность

Депутаты Курултая по новой Конституции приносят пр...

  09.10.2026   118
Мандат требует участия

Мандат требует участия

Конституция закрепляет личное голосование депутата...

  09.10.2026   127
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2026. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.