Алматы облысының өңірлік нышанын бекіту туралы
Алматы облыстық мәслихатының 2026 жылғы 15 мамырдағы №50-294 шешімнің Алматы облысының өңірлік нышанын бекіту.
Алматы облысы өңірлік нышанының сипаттамасы.
Алматы облысының өңірлік нышаны облыстың ұлттық дәстүрін, тарихи, мәдени, географиялық ерекшеліктерін бейнелей отырып, шеңбер пішінде дайындалған.
Өңірлік нышанның ортасында көгілдір түсті шеңбердің ішінде күн сәулесінің аясында биіктігі 70 см сақ жауынгерінің (б.з.д V-ІV ғғ) алтын бас киімі, оның екі жағында қанатты қар барысы (б.з.д ІІІ-ІV ғғ) бейнеленген. Алтын бас киімнің жоғары бөлігінде Іле Алатауының графикалық кесінделген бейнесі, төменгі бөлігінде Іле өзенінің толқындары бейнеленген.
Шеңбердің жоғары бөлігінде шаңырақ, екі жағында алма жемісі, төменгі бөлігінде «АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ» деген сары түсті жазу жазылған. Сыртқы шеңбердің ішін бойлай алтын адамның қанжарындағы элементтер (қыран құсының басы) бейнеленген. Барлық бейнелер мен жазулар батылдық пен байлықтың нышаны ретінде сары түспен бедерленген. Шеттері ернеумен жиектелген.
Өңірлік нышанның авторы: суретші, өнер магистрі Жақанов Думан Жақанұлы.
Толық анықтамасы:
1. Алтын адам бас киімі. Ол Алматы облысы Есік қаласының маңында табылған б.з.д V- ІV ғасырларға жататын алтын киімді сақ жауынгерінің бас киімі. Бас киімде садақ пен жебе түріндегі тілімдер, қанатты жылқы, арқар, таутеке бейнеленген.
2. Іле Алатауы - Тянь-Шань тау жүйесінің солтүстігіндегі жота. Бұл Алматы облысының туристтік бренді.
3. Шаңырақ – қазақ мәдениетінде отбасы, ұрпақ жалғастығы, дәстүр мен бірліктің қасиетті нышаны.
4. Қанатты барыс – Есік қорғаны (б.з.д ІІІ-ІV ғғ) қар барысы – ол батылдық пен байлықтың нышаны.
5. Алма (Апорт) жемісі мен өмір ағашы және ою өрнекпен бір образда бейнеленген, бес алма 05 аймақты (Алматы облысы) білдіреді - Алма (Апорт алмасы) – Іле Алатауының бөктерінде өсетін алма жемісі өңірдің бай табиғи молшылығының, құнарлылығының белгісі.
Өмір ағашы - эволюция мен шығудың, сондай-ақ жердегі және көктегі бірліктің символы болып табылады.
Қазақтың ұлттық ою-өрнегі - қазақ жерін мекендеген көшпелі тайпалар өнері әсерімен ғасырлар бойы қалыптасып мағынасы мол ұлттық құндылығымыздың бірі болып табылады.
6. Іле өзені – Қапшағай су коймасына және Балқаш көліне құятын өзендердің ең үлкені, Алматы облысындағы ең ірі өзен. Текес пен Күнгес өзендерінің қосылуынан пайда болған. Ұзындығы – 1469 шақырым. Қытайдың Шыңжаң ауданынан бастау алатын бұл өзеннің 815 шақырымы Қазақстанда жатыр.






